МТРА жаңалықтары

Мамыр айында Петропавлда 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады

Мысалы, мамыр айының басында Қазақстандық ипотекалық компаниясының тапсыры бойынша Петропавлда 100, 126 және 72 пәтерлі 3 үйдің құрылысы басталады. Нысандар жыл аяғында қолданысқа берілуі мүмкін.

Аталмыш нысандардың кейбірін ұзақ мерзімге жалға алып, кейін жекешелендіріп алу мүмкіндігі бар. Айталық, сатып алу құқығымен тапсырылатын 2 бөлмелі пәтер үшін иесі айына шамамен 47 мың теңге төлейді. Ал, жалдамалы-коммуналдық үйлерде айына 25 мың теңге төлеп бірнеше жыл тұруға болады.

Ратмир Ахметов, СҚО құрылыс басқармасының басшысы.

-Биыл облыс орталығында жалпы аумағы 64 мың шаршы метрді құрайтын 11 тұрғын үй салынады. Ондағы жалпы пәтерлердің саны – 853. Баспана кезегінде тұрған жас отбасыларға арнап 4 үй тұрғызылады. 2 көпқабатты баспанаға “Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тапсырыс берді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 200 орынға шақталған 2 жатақхана “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында тұрығызылмақ. Соңғысы да пәтер кезегінде тұрған жас отбасыларға беріледі.

Бұдан өзге өңірде Елбасы тапсырмасына сәйкес апатты мектептер мен 3 ауысымдық оқыту проблемаларын шешу, балабақша кезегін қысқарту тұрғысында 3 әлеуметтік маңызы бар нысан бой көтермек. Жобалардың құрылысы “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында жүргізіледі.

Ратмир Ахметов, СҚО құрылыс басқармасының басшысы.

-Нұрлы жол” бағдарламасы шеңберінде 2 мектеп, 1 балабақша бой көтереді. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 950 млн. тг. бағытталды. Оның біреуі Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишим селосында тұрғызылады. 2-ші мектеп Тайынша қаласында бой көтереді. Ондағы білім ошағы апатты жағдайда. Бұдан басқа Петропавл қаласында 320 орынға шақталған балабақша салынады. Жоспарға сәйкес, аталған нысандардың құрылысы маусымның басында басталып, келер жылы білім күніне орай қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Қазіргі уақытта Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишим селосында 3 ауысымдық оқу проблемасын шешу қажет. Осы орайда, бұл елді-мекенде 400 орынға шақталған мектеп-интернат тұрғызылады.

Владислав Лукин, СҚО құрылыс басқармасы бөлімінің басшысы.

-Ағымдағы жылы Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишим селосында 400 орынға шақталған мектеп-интернат салынады. Онда 200 жатын орны қарастырылмақ. Аталмыш білім ошағындағы кабинеттер мен спорт залдары техникалық талаптарға сай болады. Мектептің құрылысына қатысатын мердігер компанияларға осы күні конкурс жарияладық. Сәтін салса, метеп-интернаттың құрылысы мамыр айында басталып, 2016 жылы қолданысқа тапсырылмақшы.

Бұдан өзге облыстық құрылыс басқармасындағылар жеке инвестиция есебінен тағы 2 баспана тұрғызуды көздеп отыр.

 

 

Берик Касен.