Без категории

Тәжік-Ауған шекарасындағы сарбаздардың ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі

Жұмабек Ахметов Тәжікстан жерінде 4 рет болған. Жерлесіміз бұл күнді қасіретпен еске алады. Себебі ол сол жылдары майдан даласында оққа ұшқан және ауыр дене жарақатын алған сарбаздардың денесін елге тасымалдаумен айналысқан.

Жұмабек Ахметов, ҚР Ұлттық Ұланы ӘИ бастығы.

-Мен үшін бұл күнді еске алу қиын. Мен жылда мешітке, шіркеуге барып сол ұрыста елдердің бірлігі үшін жанын пида еткен жауынгерлерді еске алып тұрамын. Әскери борышын өтегенде олар да 20 жыл бұрын 20 жаста болатын.

Тәжік-Ауған шекарасында әскери міндетін атқарған жауынгерлердің біразы қазір қарулы күштер қатарында еңбек етуде. Солардың бірі – Ошақбай Сейітбеков.

Ошақбай Сейітбеков, ҚР ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институттың Әскери педагогика және психология кафедрасының бастығы.

-Біз Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан боздақтарды ұмытпай, кейінгі ұрпаққа олардың ерліктерін айтып отыруға тиіспіз.

Өткенді еске алып, тарихты құрметтеу бейбіт заманда күн кешіп жатқан өскелең ұрпақ парызы.

Азимджон Абдулхаиров, ҚР ҰҰ ӘИ курсанты.

-Мен өз халқымның атынан қазақ елінің азаматтарына сол кезде тәжік шекарасын қорғауға көмектескендеріне алғысымды айтамын. Менің білуімше, сол шекарада қаза тапқан кейбір сарбаздардың жасы 20-ға толмапты.

Жалпы 90-шы жылдары Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарында елімізден 2000-нан астам сарбаз өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындап шықты.

 

 

Берик Касен.