МТРА жаңалықтары

“Әркімнің даусы маңызды!” акциясы

Бұл жерде бастысы азық-түлік алған қазақстандық әрбір азаматқа сайлау кезінде немқұрайлық танытпай, қалаған кандидатына дауыс беру. Ал мұндай тауарды қолда ұстап тұрып, бұрышындағы мен мұндалаған жазуға мән бермеу мүмкін емес. Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер осылайша, жергілікті тұрғындарға ой тастап, ел Президентін таңдауда белсенділік танытатындарына сеніммен қарап отыр.

Владимир Назаренко -“Сүт одағы” ЖШС өткізу бөлімінің басшысы.

-Сайлау елдің дамуында маңызды рөл атқарады. Ел өркендесе, біз де ең үздік әрі сапалы өнімдерді шығаруды жалғастыра бермекпіз.

Осы орайда біз тұрғындардың пікірін білуді жөн көрдік.

Акция аясындағы маркілеу үдерісі міне, “Сүт одағы” кәсіпорнының цехында жүріп жатыр. Арнайы белгілер қораптың сыртына бірден жапсырылып шығарылуда. Серіктестік бүгінде 40-тан астам тауар түрін өндіреді. Өнімдерін ел ішінде біздің өңірден басқа 7 аймақта саудалайды.

Ирина Давлетбаева – “Сүт одағы” ЖШС бақылау-өндіріс зертханасының басшысы.

-Қазіргі уақытта нарықтағы бәсекелестік өте жоғары. Оның ішінде, ресейлік кәсіпкерлер де бар. Бірақ, біз өнім түрлерін көбейту бойынша, тіпті, қораптың да сыртын өзгерту жөнінен жұмыстарды қолға алдық. Осылайша, тұтунышының көңілінен шығуға тырысып жатырмыз.

Облыстық кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің айтуынша акцияға солтүстікқазақстандық тауарөндірушілер белсенді түрде қатысуға ниет танытуда.

Тұрар Ысқақов – СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

-Бүгінде біздің облысымызда 6 өнім өндіруші осы акцияға қолдау білдіруде. Осы акция әрбір сайлаушының өз құқығын қолдап, ертең сайлауға келсін деген ниетпен ұйымдастырылуда. Алдымыздағы жұмада мынау акцияға тағы да басқа өнім өндірушілер қосылады деп ойлаймыз.

“Әркімнің даусы маңызды!” республикалық акциясы сәуірдің 26-сына дейін жалғасады.

 

 

Данаш Хамзина.