Мәдениет

Қалалық Абай оқулары өтті

Мижгона Нуралиеваның ұлты тәжік. Ол 6 жасында мектеп табалдырығын аттап, мемлекеттік тілді үйрене бастаған екен. Ол бүгінде ата-анамен тәжікше, достарымен орысша, ал мектепте қазақ тілінде сөйлеймін дейді.

Мижгона Нуралиева, С. Шәймерденов атындағы классикалық гимназияның оқушысы.

-Осы сайысқа 1 жұмадай дайындалдым. Мұғалімім Кенжегүл Жұмабекқызымен бірге дайындық жүргіздік. 00:39 Қазақ тілін 6 жасымнан бастап білемін және де біздің мектебімізде Абайтану пәні болатын, сол пән арқылы Абай атамыз жайлы көп мәліметтер алатынбыз.

Байқауға 15-21 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері шақырылған. Олардың ішіндегі ең кішісі Мижгона дәл қазір Абайдың “Өкінішті көп өмір кеткен өтіп” өлеңін оқып жатыр.

Қазылар алқасы қатысушылардың көркем сөз оқу шеберлігіне, қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне және сахнаға киіп шыққан ұлттық киім үлгісіне баса назар аударып отыр.

Алтынай Сыздықова, Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

-Бірінші кезеңде Абайдың проза немесе қарасөздерін оқып беруі қажет. Екіншіден Абай жолынан үзінді оқу керек. Үшінші Абайдың сөзіне жазылған әндерін орындаулары қажет. 00:40 Байқаудың мақсаты қазақ тілі мен әдебиетін дамытып, Абай шығаромаларына қызығушылықты арттырып, мемлекеттік тілді насихаттау.

Байқау соңында қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Оған қоса барлығына дерлік Абайдың энциклопедиясы сыйға тартылды.

 

 

Акбопе Танирберген.