МТРА жаңалықтары

Петропавлдық тыл еңбеккерлері меретойлық төсбелгімен марпатталды

Тілек Әбдірахманов – тыл еңбеккері.

-Енді сол кісілер жоқта елдің барлық шаруасын бала-шаға мен қарт әжелер атқарды. Солармен бірге ерте есейіп, шамамыздан келгенше барлық жұмысты атқардық. Өгіз айдадық, жер жыртуға қол ұшын бердік, соның бәріне ат салыстық шамамыз келгенше.

Қазіргі таңда облысымызда 139 тыл еңбеккері бар, олардың 66-сы Петропавлда тұрып жатыр. Бүгін осы азаматтар мен азаматшалардың 15-не “Ұлы Жеңіске 70 жыл” медалі табысталуда. Бұдан өзге олардың әрқайсысына ақшалай сыйлықтар мен дабыл тетігі бар телефон сыйға тартылды. Байланыс саласының қызметкерлері тыл еңбеккерлерін назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасауда.

Береке Шөпенова – “Қазпочта” АҚ СҚОФ облыстық почта қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы.

-Оларды бүгін “Ұлы Жеңіске 70 жыл” медалдарымен марапаттап жатырмыз. Сонымен қатар біз ол кісілерді ешқашан ұмытпаймыз, біздер әрқашанда құрмет көрсетіп отырамыз. Денсаулықтарына қарайласып тұрамыз. Пәтерлерін жөндеуге ат салысамыз.

Айта кету керек, барлық тыл еңбеккерлері мерейтойлық төсбелгілерді сәуір айының 15-не дейін алатын болады.

 

 

Бакыт Садуакасов.