Спорт

Өңір палуандарының жеңісі

Ержан Абылаев – кадеттер арасында еркін күрестен ҚР чемпионатының жүлдегері.

-Жартылай финалда алматылық спортшыға ұтылып қалдым. Ал үшінші орын үшіні қостанайлықпен күш сынасып мықты атандым.

Жалпы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 400-ден аса палуан екі күн бойы мықтыны анықтаған болатын. Онда өңір намысын 15 спортшы қорғады. Нәтиже көңіл көншітерлік. Бір спортшымыздың сайыста тұлпары оза шауып, жеңімпаз болса, тағы 4 жерлесіміз жүлдегер атаныпты.

Орынбек Балағанов – СҚО спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының еркін күрестен аға бапкері.

-Жарысқа мықтылап дайындалдық. Соның жемісін көріп отырмыз. Жалпы бапкер ретінде көңілім толды.

Қарағанды қаласында ұлдармен қатар қыздар арасында да чемпионат ұйымдастырылған. Онда өнер көрсеткен 13 спортшы өңір қоржынына 4 күміс пен 1 қола медальді салыпты. Жалпы сайыс қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық палуандардан 4 ұл мен 2 қыз ұлттық құрама сапына іліге алды. Ендігі кезекте, олар Азия чемпионатында жақсы өнер көрсету үшін тер төгіп еңбектенбек.

 

 

Риат Шони.