Билік

«Қызыл-Жар СК» құрамасындағы тың өзгерістермен облыс әкімі танысты

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-17 жыл бұрын біздің жергілікті команда жоғарғы лига ойындарында тек алғашқы орындардан көрінетін. Құраманың жақсы тарихы бар. Біз екі мәрте Қазақстанның күміс жүлдегері, 1 рет қола жүлдегер атандық. Соғы жылдары өкінішке орай, бұл көрсеткіштерді қайтайлай алмай келеміз. Сондықтан биыл ардагерлер салып кеткен сара жол жалғанып, сіздер жоғарғы лигадан көрінеді деген ойдамыз. Ол үшін жақсы бапкерлер құрамы жасақталды. Оқу жаттығу жиындары да сәтті өтті. Сондықтан тек жақсы ойындар көрсетіп, жергілікті көрермендерді қуанта беріңіздер.

Былтырғы маусым өңір құрамасы үшін сәтсіз болды. Турнир кестесінде қызылжарлықтар нәбірі 9 орынға тұрақтады. Сондықтан, теріскейде футболды дамытып, спортшыларды тарту үшін қыруар шаруалар атқарылуда.

Ерлан Әукенов- СҚО футбол федерациясының президенті.

-Биыл федерация алдына жас спортшыларды футболға тарту, сапалы бапкерлер құрамын жасақтау сынды мақсаттар қойдық. Бұдан бөлек, инфрақұрылымды дамытып, жалпы өңірде футболдың имиджін көтеру тапсырмаларын міндеттеп отырмыз.

«Қызыл-Жар СК» клубының тізгінін ұстар бапкер мен президенті де ауысты. Енді жергілікті команда тізгінін Владимир Фомичев өз қолына алды.

Владимир Фомичёв- «Қызыл-Жар СК » футбол клубының бас жаттықтырушысы.

-Команда жақсы оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді. Кубоктық ойындар мен чемпионаттың алғашқы кездесулері құраманың жақсы деңгейде екендігін көрсетті. Әрине, спорт болғандықтан өзіндік кемшіліктер орын алып тұрады. Бірақ біз келешекте оларды жөнге келтіріп, қойылған тапсырмаларды орындауға тырысамыз.

Бұрынғы ойыншылардың жеңісті де, жемісті ойынын тамашалаған көрермендер, соңғы жылдары сәтсіздікке ұшыраған футболшылардың кездесулерін тамашалауға әсте асықпайды. Бұл ретте көрермендердің де назарын футболға аудару қажеттігі айтылды. Сондықтан футбол десе, ішкен асын жерге қоятын көрермендер құлағына алтын сырға. Биыл жергілікті құрама сапында Африка, Брюсель, Молдова сынды футболы дамыған елдердің аяқдоп шеберлері өнер көрсетпек. Араларында еліміздің ілгері құрамаларында ойнаған қазақстандықтар бар.

Али Алиев- футболист.

-Мен өз жолымды «Қайрат» клубынан бастадым. 10 жыл бойы сол құраманың намысын қорғадым. Кейін 6 маусым бойы Түркияның «Вояж» командасмында ойнадым. Енді елге оралып, осы құрамаға шақырту алдым. Қазір байқап тұрмын – жақсы команда жасақталыпты. Сондықтан үмітті ақтауға тырысамыз.

Жиын соңында футболистер өңір жетекшісіне доп пен өз формаларын сыйға тартты. Кейін суретке түсті.

 

 

Магжан Ахмадина.