Балалар

Қала мектептерінің бірінде “Асар” республикалық әлеуметтік тілектестік акциясы өтті

Дина Әбілмәжінова, “Қоғамдық келісімі” МКК басшысы.

-Бұл шарада балаларға тәттілер таратылады. Сондай-ақ “Дуслык” татар-башқұрт этномәдени орталығының өкілі Амир Баязитов үздік оқушыларға шәкіртақы тағайындап отыр.

Осы мерекеде оқуда озат, қоғамдық шараларда белсенді 5 оқушыға 5000 теңгенің шәкіртақысы табысталды. Мысалы, Виктория Рогачева спортқа мықтап ден қойғандардың бірі. Бойжеткен жақында Ресейдің Архангельск қаласында гір тасын көтеру спортынан 60 келі салмақ дәрежесінде 7 дүркін әлем чемпионы атанып, оған қоса қанжығасын 3 күміс медальмен майлады. 11-сыныптың оқушысы болашағын қаржыгер мамандығымен байланыстырғысы келеді.

Айжан Батырова, “Қуанамын” халық би ансамблінің мүшесі.

-Бұл балалардың бізден еш кемшілігі жоқ. Оларға өмірде бар жақсылықты тілеймін. Ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар ата-анасының қателігін қайталамас екен деген тілегім бар.

Маусым айында осы мектеп-интернаттың 14 түлегі мемлекеттік сынақ тапсырады. Ассамблея мүшелері ҰБТ-де 90-нан артық балл жинаған оқушыларға ұялы телефон сыйламақшы.

Азамат Жұмабаев, Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушісі.

-Мен қазақ тілі, химия, физика, Қазақстан тарихынан қалалық, облыстық олимпиадаларға жиі қатысып тұрамын. Қазір ҰБТ-ге дайындалып жатырмын. Алда сынақты ойдағыдай тапсырып, әскери оқу орнына түсіп, болашақта әскери қызметкер болғым келеді.

Бүгінде білім және тәрбие ошағында жалпы 130 оқушы білім алады.

 

 

Берик Касен.