МТРА жаңалықтары

Петропавлда джаз музыкасының 10-шы халықаралық фестивалі өтті

Мұхит Ахметов – облыстық филармонияның эстрада-симфониялық оркестрінің әншісі.

-Бүгін Петропавлда “Көктем-2015” атты мәдени шара өтуде. Жалпы, джаз музыкасына арналған халықаралық фестиваль 10-шы рет ұйымдастырылуда. Бұл кешке жергілікті өнерпаздармен бірге, Ресей елінен келген әртістер де өз өнерін ортаға салады. Бағдарламада түрлі кинофильмдерден алынған джаз музыкалары орындалады.

Бұл кеште көрермендерді Қазақстан және Ресейлік 5 өнер ұжымы тамаша джаздық музыкамен тәнті қылды. Мәселен, Қорған облысының Дмитрий Шостакович атындағы музыкалық колледжі “Мы из джаза” кинофильмінен алынған үзіндіні ұсынды.

Әртістердің джаз стилінде орындаған әуендері өнер сүйер қауымның шын көңілінен шықты.

-Джаз музыкасына арналған мәдени шара маған тамаша көңіл-күй сыйлады. Концертке келіп, бір тынығып алдым.

-Әртістердің джаз стилінде тарту еткен туындылары көңілімнен шықты. Осындай шараларды жиірек ұйымдастырған абзал.

Джаз музыкасының фестивалі келесі жылы да өз көрермендерін тамаша бағдарламамен қуантпақ.

 

 

Сагыныш Маркашева.