Спорт

Солтүстік Қазақстан өңірінің зілтеміршілері бақ сынасуда

Эрик Алибаев- Ауыр атлетиканың СҚО аға бапкері.

-Біздің облыста ауыр атлетика 20-25 жылдай болған жоқ. Біз 2007 жылдан бастап қана жұмыс істей батадық. Бүгін де осындай чемпионаттар өткізіп тұратын деңгейге жетіп отырмыз. Дәл қазір мектеп-интернатымызда 20 зілтемірші дайындап жатырмыз. Олардың ішінде қыздар да бар.

Солардың бірі 2 жылдан бері ауыр атлетикамен айналысып жүрген, 69 кг салмақтағы зілтемірші қыз Диана Мусабекова. 2-ші жоғарғы санатты дәрежесі бар спортшы Ақмола облысының чемпионы атанған. Ол бүгін 46 кгды жұлқа көтеріп бапкерінің өзіне артқан сенімін ақтады.

Диана Мусабекова – Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған СҚО мектеп-интернаты.

-Мен ауыр атлетикамен 2 жылдан бері айналысамын. Жұлқа көтеруден -45, Серпе көтеруден-58 кг зілтемірді көтеремін. 01-02. Мен ауыр атлетикаға қызығамын, өйткені Мая Манеза, Зульфия Чиншанлолардың жетістіктерін теледидардан көп қарап жүрдім. Сондықтан мен де үлкен дәрежеге жетіп олимпиада чемпионы атанғым келеді.

Ауыр атлетшілердің облыстық ашық чемпионаты 2 күнге созылады. Сайыс соңында ең үздік танылған толағайлар медальмен және ақшалай сыйлақтармен марапатталмақ.

 

 

Акбопе Танирберген.