Білім

Республикалық олимпиадада өңір оқушыларының бағы жанды

Виолетта Лошакова – “БЭСТ” гимназиясының 10 сынып оқушысы.

-Алғашқы турда біз шығарма жаздық. Онда 4 тақырып және де еркін тақырып болды. Мен соңғысын таңдап 50 ұпайдың 48-ін жинадым. Ал келесі кезеңде орыс тілінен тапсыралар орындап, ауызша бір шығарманы айттым. Онда 40 ұпай жинап, үшінші дәрежелі дипломмен мараптталдым.

Жалпы еліміздің 14 облысы мен екі қаласынан 531 оқушының басын біріктірген республикалық олимпиадаға өңір намысын қорғауға 31 шәкірт аттанған болатын. Олардың қатарында “БЭСТ” гимназиясы тәрбиеленушілерінің айлары оңынан туыпты. 11 оқушының алтауы түрлі дәрежедегі марапаттар мен медальдарды еншілеп, жалпы құрама “Ең үздік олимпиада мектебі” атағын жеңіп алған екен.

Айнагүл Қасымова – “БЭСТ” гимназиясы директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.

-Бүгін республикалық олимпиададан оралған оқушыларымыз өздерінің алған әсерлерімен замандастарымен бөлісуде. Шәкірттеріміз осындай атақты жеңіп алғандарына біз өте қуаныштымыз.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы наурыздың 10-ы мен 31-і аралығында өтті.

 

 

Риат Шони.