Спорт

“Цеснабанк” АҚ СҚФ облыс орталығында жеке қаражатына 9 спорттық алаң тұрғызды

Құлыбек Шопанов – «Цеснабанк» АҚ СҚФ директоры.

-Облыс басшысының бастамасы құптарлық іс. Сондықтан біз бірден келісім бердік. Себебі салауатты өмір салтын ұстану баршамызға қолжетімді болуы қажет. Осылайша бұқаралық спортты дамытуға біз де өз үлесімізді қосып жатырмыз. Әсіресе мектептердің жанында орналасқан спорттық алаңдар, оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізеді деген ойдамын.

Бүгінгі күні аталмыш қаржы институты облыс орталығында 9 спорттық алаң тұрғызды. Бұл мақсатқа 30 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Олар шаһардың әр аудандарында орналасқан. Мәселен нөмірі 10-шы мектептің аумағында осындай нысан болса, енді бірі Есіл мейрамханасы жанындағы көпқабатты үйлердің ауласында. Үшіншісі «Жастар» стадионында. Айта кету қажет алаңдардың барлығы әмбебап. Яғни қыста мезгілінде жастар мұнда хоккей ойнаса, жазда футбол және баскетбол сынды спорттың түрлерімен айналысуға болады. Айта кеткен жөн банк қызметкерлерінің өздері де салауатты өмір салтын ұстанады.

Құлыбек Шопанов – «Цеснабанк» АҚ СҚФ директоры.

-Біздің өңірімізде банк қызметкерлері арасында түрлі спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Жақында ғана шаңғы жарысынан сынға түсіп, өзәра бақ таластырдық. Енді мамыр айында футболдан күш сынасатын боламыз.

Дені саудың тәні сау демекші бұл әмбебап алаңдарға келіп, спортпен шұғылданамын дегендерге есік айқара ашық. Яғни ешкімге шектеу жоқ.

Руслан Есеналин – СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

-“Цеснабанк” АҚ-ың арқасында қалада 9 спорт алаңы халықтың игілігіне берілді. Онда баскетбол, футбол, хоккей сынды спорттық ойындарды ойнауға болады. Жалпы жыл басталғалы бері өңірде 200-ге жуық спорттық шаралар ұйымдастырылды. Солардың ірісі шайбалы хоккейден өткен “Алтын шайба” чемпионаты.

Жалпы солтүстікқазақстандық жерлестеріміз бұндай игі істер үшін өз алғыстарын білдіруде.

-Ер адам аударма: Қаламызда мұндай алаңдардың ашылып жатқанына өте қуаныштымын. Оның үстіне міне спорт сарайы да тұрғызылып жатыр. Енді әркім спортқа ынтасы болса, келіп шұғылдана алады. Яғни бәрі қолжетімді.

-Ер адам аударма: Қаламызда бірнеше спорттық алаңдардың тұрғызылып жатқанын аңғардым. Бұл өте жақсы деп есептеймін.

Бүгінгі күні «Цеснабанк» АҚ-ы еліміздегі үздік қаржы институттарының төрттігіне енді. Айта кетейік олар биыл өздерінің 10 жылдық мерейтойын атап өтпек.

 

 

Самат Джакупов.