МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Ой-сана” республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті

Николай Авдеев – “Орыс қоғамдастығы” ҚБ СҚФ төрағасы.

-Еліміз – көпұлтты мемлекет. Елбасымыз өзінің кезекті Жолдауында қазіргі жастар өз ана тілдерін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге өзге тілдерде де жетік болуы керектігін атап көрсетті. Бұл бағытта біздің облыста алға ілгерілеушілік байқалады. Оған бүгінгі білімділер додасы дәлел бола алады.

Байқауға аудандық және қалалық жарыстарда топ жарған мықтылар келіпті. Олар алдымен тестің 30 сұрағына жауап берулері тиіс. Барлығы “Ой сана” байқауына қатысушылар жиыны 4 тапсырманы орындайды.

“Көп тілді білу – заман талабы” деген өмірлік ұстанымы бар жеткіншектің бірі – Ботагөз Қожақова. 9 сынып оқушысы тілдер сайысына алғаш рет қатысып отыр. Жасөспірім ауызша тапсырмалардан мүдірмей өтетіндігіне сенімді.

Байқау жеңімпаздары дипломдар мен шағын тұрмыстық техникаға ие болады. Ал, ең үздігі қыркүйек айында елордасында өтетін сында өңір намысын қорғайды.

 

 

Бакыт Садуакасов.