МТРА жаңалықтары

Петропавлда 500 қарағай отырғызылады

Ольга Тажетдинова, Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі секторының мегерушісі.

-Қаланы абаттандыру шарасының аясында ағымдағы жылы қылқан жапырақты ағаштар отырғызылады. Дені көгілдір және сібір қарағайлары. Отырғызылатын ағаштар саны 500 түп.

Облыс орталығын гүлдендіру мақсатында мұндай абаттандыру жұмыстарының қолға алынғаннына тұрғындар разы.

-Маған қаламыз ұнайды. Ол таза әрі көрікті. Гүлдене берсін.

-Мен бұл қалада 53 жыл тұрып жатырмын. Облыс орталығы менің көз алдымда күннен-күнге көркея түсуде.

Мұнымен қатар, бүршік жарып, жапырақ шықпайтын, шіріген кәрі ағаштарды құлату жұмыстары да жүріп жатыр. Бұл үшін “Коммунхоз-Петропавл” кәсіпорыны 10 техника мен 30 қызметкерді жұмылдырған.

Виктор Чебаков – “Коммунхоз – Петропавл” ЖШС кран жүргізушісі.

-Кәрі ағаштар кеш бүршік атып, ерте солады. Сондықтан сәуір айы оларды кесуге ең қолайлы уақыт.

Бүгіндікке тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне қаланың әр жерінен шіріген ағаштарды кесу жөнінде 400 азаматтан өтініш келіп түскен.

 

 

Акбопе Танирберген.