Құқық қорғау органдары

Өңірде “Жасөспірім” жедел алдын алу шарасы жүруде

Александр Рязанов – Петропавл қаласы ІІБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы.

-Рейдтік шара барысында түнгі сағат 00:30 кәмелеттік жасқа толмаған колледж студенті ұсталды. Оның қасында заңды өкіл болмаған. Енді бұл факті бойынша материалдар жиналып, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша ауданаралық мамандандырылған сотқа жіберіледі. Кейін заңды өкілдерге қатысты процессуалды шешім шығарылады.

Жалпы “Жасөспірім” операциясы басталғалы ювеналды полицейлер түнгі уақытта рейдтік шараларын күшейтіпті. Инспекторлар қала көшелерін тексеріп қана қоймай, ойын-сауық кешендері, компьютерлік клубтар мен өзгеде жастардың көптеп шоғырланатын жерлерін бақылайды.

Александр Рязанов – Петропавл қаласы ІІБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы.

-Жалпы біз мұндай шара арқылы далада түнгі уақытта заңды өкілсіз серуендеп жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтаймыз. Сонымен қатар олармен жасалатын құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмаймыз.

СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының мәлімдеуінше “Жасөспірім” операциясы басталғалы екі күннің ішінде тәртіп сақшылары 264 кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ұстапты. Олардың ішінде 120 жасөспірім әкімшілік құқық бұзғаны үшін екен. Жалпы аталмыш шара сәуірдің 10-на дейін жалғасын таппақ.

 

 

Риат Шони.