МТРА жаңалықтары

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты дебат турнирі өтті

Алимана Жанмұқанова- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 1 курс студенті.

-Ойында саған қандай позиция берілмесін. Сен жеңіске жетуге ұмтыласың. Сондықтан мен бірқатар фактілерді келтіріп өтемін. Біріншіден ол адамның психологиялық жағдайына байланысты. Егер адам үшін материалдық құндылықтар қымбат болса, онда ол пара алып не пара беруге даяр жүреді. Не тамыр- таныстықты пайдаланады.

Ал келесі команда керісінше, жемқорлықты түбегейлі жоюға болады деген бағытты ұстанған. Олар бармақ бастылық пен көз қыстылыққа қарсы нақты шаралар қолға алынса, онда оның тамырына түбірімен балта шабу мүмкін деп отыр.

Алена Людская- М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжiнің 1 курс студенті.

-Біздің қоғамда бұл мәселе өткір тұр. Сондықтан онымен күресу үшін нақты шараларды қолға алу қажет. Мысалы, Қытайда жемқорлық жасаған жандар өлім жасазына кесіледі. Сондықтан бізде де Заң жобасына өзгерістер енгізу қажет. Жемқорлық жасаған жандар ең қатаң жазаға тартылуы шарт. Мен өз позициямды қорғағанда осындай пікірлерді алға тартатын боламын.

Ұйымдастырушылар болса, әркім жемқорлықпен күресуді өзінен бастауы қажет дейді. Сондықтан алдын алу шараларын күшейту қажет.

Нұрлан Жахин- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы.

-Жастар ел болашағы болғандықтан осындай кеселден алшақ болуы керек. Сондықтан алдын алу шараларын күшейтіп, құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды.

Жалпы дебат турниріне 4 команда қатысты. Жеңімпаздар кубок және дипломдармен марапаттылды.

 

 

Магжан Ахмадина.