МТРА жаңалықтары

Акдемик Евней Бөкетовтің 90 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Анархан Дүйсенова, облыс әкімінің орынбасары.

-Е.А.Бөкетов көрнекті ғалым, техниека ғылымының докторы, профессор. Қазақстан ғылым академиясының академигі. Еліміздегі ғылым мен жоғары мектептің жоғары ұйымдастырушысы. Химия және металлургия саласындағы аса ірі маман.

Еске алу кешіне Е.Бөкетовтың немере қарындасы Нұрсұлу Бөкетова мен кезінде академикпен етене таныс болған адамдар химик туралы жылы лебіздерін айтты. Олар осыдан 30 жыл бұрын металлургия саласында Е.Бөкетов ашқан жаңалықтар өзектілігін жоғалтпай, керісінше, шәкірттері мен шетелдіктер тарапынан зор қызығушылыққа ие болып отыр дейді.

Нұрсұлу Бөкетова, “Лингва” тіл және аударма институтының ректоры, Қарағанды қаласы.

-Ағам көзі тірісінде көмірден бензин алу әдісін зерттеді. Соны қазір ары қарай жалғастыру үшін қазір Астананың жанында эксперименталды зауыт ашылып жатыр. Міне, қараңыз, ол ой академикке 30 жылдам астам уақыт бұрын келген еді. Бірақ қазір ол нағыз перспективалық ойға айналды.

Қадырма Тоқмұрзин, химия ғылымдарының докторы.

-Шикізаттан мыс бөліп алды. Жазушы, ақын болды. Блок, Шекспирдің шығармаларын аударды әрі тарихшы, шежіреші болған.

Кейін күннің 2-ші жартысында акдемик Е.Бөкетовтің 90 жылдығына арналған “Жаратылыстану және ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы ғылым мен білімінің өзекті мәселелері” атты 3-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда Ресей, Қазақстанның атақты ғалымдары 6 секцияға бөлініп, химия, медицина, экология, ауыл шаруашылығы салаларына енгізіліп жатқан инновациялық жаңалықтарды сөз етті. Ресейлік ғалымдар ғылыми-тәжірибелік мәжілісте Қазақстан және Ресейдің шектес облыстарында құс шаруашылығын, соның ішінде бөдене өсіруді бірлесіп қолға алу қажетігін айтты.

Лариса Орехова, П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің доценті, Омбы қаласы.

-Ресейдің бірқатар қалаларында қаз, үйрек, тауық және күркетауық өсіретін фабрикалар бар. Бірақ, бөденені өсіретін мекемелер жоқтың қасы. Біз қазір Ресей және Қазақстан нарығында бөдененің еті мен жұмыртқасын көбейтуді қолға алу керекпіз. Себебі, бөдене жұмыртқасындағы ақуыз адам ағзасына пайдалы. Әрі жеңіл тағам балаларда аллергия туғызбайды. Біз жапон, фараон, етті бағытағы бөденелерді шағылысытырып, гибрид алдық. Нәтижесінде, еті көп, жұмыртқасы түрлі дәрумендерге бай тұқым алдық. Мен конференцияда осы жайында айтып, әріптестерімнің ойын білмекшімін.

Жалпы, конференцияға Қазақстан, Ресей елінің ғалымдары тоқсанға жуық баяндама ұсынған.

 

Берик Касен.