Спорт

Жас чемпиондар оқу ошақтарын кубокпен қуантты

Қорлан Жайсенбаева – №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп кешенінің директоры.

-Мен әрине біздің балаларымыз осындай “Я чемпион” жобасында жеңіске жетіп отырғанына қуаныштымын. Сондықтан бүгін мектеп ұжымы болып осы балаларды алғыс хатпен, сыйлықтармен марапаттап отырмыз. Сыйлықтарды өзіміздің мектебіміздің ата-аналары сатып алды.

«Мен чемпион» жобасына аудандардан 13 және қаланың 3 командасы ат салысты. Әр құрама 12 ойыншыдан жасақталды. Соның ішінде топ жарып, жеңімпаз атанып отырған №17 мектептің өрендері “Балдәурен” республикалық лагеріне жолдама алып отыр. Олар сәуір айының 30-ынан бастап 20 күндік демалысқа Бурабайға аттанатын болады.

Ульяна Кошубакова – №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы.

-Біз “Олимпиадашылар” командасының мүшелеріміз. Соңғы сайыста “Стрела” құрамасынан басым түстік. 01-50 Біз әр-түрлі ойындарды ойнадық. Бәрін жеңдік.

Құраманың белді мүшелерінің бірі – Максим Алисиевич 12 жаста. Ол қазірден-ақ, келесі жылғы ойынды асыға күтуде.

Максим Алисиевич – №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы.

-Маған “Мен чемпион” ойындары қатты ұнады. Өзге командалармен тағы бір мәрте сайысуға қарсы болмас едім. Дода тартысты өтті. Себебі қарсыластарымыздың дайындығы жоғары болды. Тағы да сайысқа түсіп, жеңістің дәмін татқымыз келеді. Алдағы жылы да міндетті түрде қатысатын боламын.

«Олимпиадашылар» командасының құрамында негізінен 5,6,7-сынып оқушылары кірген. Әр қатысушының ата-анасы, достары олардың ойындарын тамашылап, қолдау білдірді.

Ризабек Өміржан.

-Біздің оқушылар “Мен чемпион” ойындарында 1 орынға ие болды. Мен оларға қолдау көрсеттім. Олардың жеңіске жеткеніне өте қуаныштымын.

Ботагөз Әубәкірова.

-“Мен чемпион” ойынына барып, достарыма плакаттарды ұстап қолдау көрсеттім.

Жеңімппаздарды құттықтауға арналған жиын мектеп оқушыларының флешмобымен аяқталды. Ал, қауырт дайындықтың арқасында келген жеңімпаздардың кубогы оқу ордасындағы мұражайдың төрінен орын алды.

 

 

Акбопе Танирберген.