Спорт

Солтүстікқазақстандық таэквондошылар елге 7 алтын медальмен оралды

Айнұр Қадырменова – таэквондодан юниорлар арасында ҚР чемпионатының абсолютты чемпионы.

-Алғашқы кездесуім семейлік спортшымен өтті. Онда мен уақытты көпке созбай қарсыласымды тізе бүктірдім. Кейін қарағандылық таэквондошымен күш сынастым. Бұл кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, ақтық сынға жолдама алдым. Қырғызстан Республикасының спортшысымен өткен соңғы жекпе-жек қиынға соқты. Өйткені екеуіміз бұрын соңды күш сынаспағанбыз. Бірақ тәжірибемнің арқасында жеңімпаз атандым.

Алматыда ел біріншілігімен қатар, таэквандошылардың басын қосқан халықаралық “Жас қанат” сайысы өткен болатын. Оған өңіріміздің намысын қорғауға 7 спортшы аттанды. Қазақстан мен Қырғызстанның 300-ден астам мықты таэвандошысы қатысқан жарыста, жерлестеріміздің бақтары жанды. Олар аталмыш сайыстан 4 бірдей алтын медальді асынып, елге оралды.

Владимир Хван – СҚО таэквондо ITF федерациясының президенті.

-Қандай бапкер болмасын, өз шәкірттерінің жеңісі молынан болсын дейді. Ал менің тәрбиеленушілерімнің чемпионатта көрсеткен жетістіктері өте керемет. Бұл еңбегімнің зая кетпегені. Жарыстарға біз қыркүйек айынан бастап, күнделікті дайындалдық. Нәтижесі міне, көңіл көншітерлік.

Енді солтүстікқазақстандық таэквондошылардың жоспары – келесі жылы көктем айларында басталатын Азия чемпионатында жеңіске жету.

 

 

Риат Шони.