МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық кішкентай оқырмандар халықаралық балалар кітабы күнін атап өтті

Күлизат Шахатова – Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

-Апталықтың мақсаты – балаларды кітап оқуға шақыру. Өйткені біздің кітапханаға көптеген әдемі, әр түрлі суреттелген кітаптар көп келіп жатыр. Сол кітаптарды біздер балаларға ойын арқылы таныстырғымыз келеді. Өйткені бізге балалар өте көп келеді.

Балалар кітабы күнін атап өтуді орыс жазушысы Лев Кассиль ұсынса керек. Содан бұл бастама әлем елдерінде қолдау тауып, қазірде етегін кеңге жайды. Жалпы бұл шара аталмыш кітапханада бір жұмаға жалғасады деп күтілуде. Дәлірек айтсақ, бүлдіршіндермен түрлі викториналар және танымдық шаралар өткізіледі. Бүгінгі апталықтың алғашқы күнін тамашалауға келген оқушылар болса, ертегілер еліне тамаша саяхаттағандарын айтуда.

14 мыңға жуық тұрақты оқырманы бар кітапхана қорында – бүгінде 200 мыңнан астам кітап бар. Олардың саны жыл сайын толығып тұрады.

 

 

Бакыт Садуакасов.