Денсаулық сақтау

Саламатты Қазақстан бағдарламасының жемісі

Қабдырахман Сақтағанов- СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

-2014 жылы туберкулкезге шалдыққандар көрсеткіші- 5,5 пайызға төмендеген. Ал одан қаза тапқандар саны- 21,2 пайызға кеміген. Бір қуантарлығы дертке балалардың шалдығуы тіркелмеді. Бұл ретте «Хайн тест» және «Бактек» сынды жаңа зертханалық инновациялық технологиялар енгізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, өңірдегі өзге де қөрсеткіштердің жақсарғаны байқалады. Өлім- жітім 7,7 пайызға төмендесе, ана өлімі мүлдем тіркелмеген. Жаңа туылған нәрестелердің шетінуі 19,4 пайызға азайған. Қан айналымы жүйесі ауруларынан қаза табатындар көрсеткіші де 29,2 пайызға төмендепті. Бұл ретте мамандар алдын алу жұмыстарының пайдасы зор деп отыр. Былтыр скринингтен 75 мыңға жуық солтүстікқазақстандық өткен. Теріскей кардиохирургтары өткен жылы 912 ота жасапты. Олардың 257-сі ашық жүректе істелген. Айта кеткен жөн, жыл санап денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы көлемі артуда. Көрсеткіш 2014 жылы ол 21 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Қабдырахман Сақтағанов- СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

-Өткен жылы облыста 250 орынға шақталған 4 емхана қолданысқа тапсырылды. Былтыр тағы емдеу мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті қазынадан 85 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қызылжар,Тимирязев және Мамлют аудандарының орталық ауруханалары жаңа кейіпке енді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 медициналық нысанды жөндеуге 272 млн теңге бағытталды. Тағы жедел жәрдем орталықтары үшін 14 реанимобиль алынды.

Биыл бұл салаға 22 млрд теңге қаржы бағытталыпты. Олардың 15 млрдтан астамы республикалық бюджеттен бөлінген екен. 2015 жылы денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізу мен материалдық- техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғаспақ. Тағы емдеу мекелмелеріне 50 санитарлық көлік алу көзделген.

 

 

Магжан Ахмадина.