Билік

Өңір жетекшісі құс фабрикаларын аралады

Людмила Мухамедова- «Фирма Алекри» ЖШС құс кешенінің атқарушы директоры, Қызылжар ауданы.

-Барлық цехтарда жаңа, заманауи қондырғылар орнатылған. 5 цехта «Техно», Тағы біреуінде Германдық «Бигдайчман» құралдары қойылса, ал жас құстарға арналған корпуста испандық «Зуками» фирмасының қондырғылары жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорын жұмысымен танысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов серіктестік жұмысына оң бағасын берді. Қазір мұнда 6 цех бар. Солардың ең ірісінде 120 мың тауық шоғырланған. Былтыр мұндағылар өндіріс көлемін 100 млн. данаға жеткізген. Ендігі меже – бұл жетістікке тоқмейілсімей, биыл көрсеткішті 120 млн жұмыртқаға жеткізу болып отыр.

Ал мына цехта жұмыртқалар автоматты түрде тазартылып, сұрыпталады. Транспортер деп аталатын Украиналық қондырғы дайын өнімді салмағы, көлемі және сапасына қарай 6 топқа бөліп, іріктейді. Мұндағы машиналар сағатына 54 мың дана жұмыртқаны сұрыптауға қауқарлы. Ал дайын болған өнім қораптарға салынады. Бұдан кейін өңір жетекшісі серіктестіктің азық цехына да барды. Мұнда германдық «Химел» маркалы қондырғылар орнатылыпты. Ол жем-азықты қоспалармен араластырып, белгілікті мөлшерде береді.

Бұдан соң аймақ басшысы Ерік Сұлтанов «Атай-СК» ЖШС-не аялдады. Қазір кәсіпорында 360 мыңнан астам тауық бар. Мұндағылар облыс әкімін құстарды күтуге жасалған жағдаймен таныстырды. Қазір мұнда 74 мың жас балапан бар. Олар испандық «Зуками» фирмасының арнайы торларында шоғарланған. Бұл жерде құстар 3,5 ай бойы өсіп-жетіледі. Кейін өндірістік цехқа жөнелтіледі. Ал мына жерде кәсіпорынның сұрыптау цехы орналасқан.

Мұнда дәрумендерге толы тауарлар жайғастырылыпты. Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС ат басын бұрды. Аталмыш кешенде 120 мыңға жуық бройлер тауығы бар. Осы айда кәсіпорын 140 тонна өнім берген. Енді бұл көрсеткіштерді жақсарта түсу көзделген.

Тауық еті теріскей мен Қарағанды, Астана қалаларына жөнелтіледі. Жалпы мұнда 50 адам еңбекпен қамтылған. Бұдан соң облыс әкімі Ерік Сұлтанов «Адель Кус» ЖШС соқты. Бұл алғашқы кәсіпорындарға қарағанда қарқынын енді алып келе жатқан жас мекеме. Мұнда небәрі 190 мың бас құс бар.

Игорь Тищенко- «Адель Кус» ЖШС директоры.

-Жұмыртқаны Қазақстанның барлық аймақтарына жібереміз. Өнімді қаламыздағы дүкендері мен сауда орындарында да кездестіруге болады. Жәрмеңкелерге ұдайы қатысып отырамыз. Жалпы мемлекет бұл салаға жақсы қолдау білдіреді.

Мұндағылар айына 3-7 млн. дана жұмыртқаны саудалайды. Келешекте мекеме алпауыт кәсіпорындармен терезесін теңестіруді көздейді.

 

 

 

Магжан Ахмадина.