Без категории

Иосиф Марцинкевичтің жеке мұрағаты

Мұнда Әміреш Дәрменов қан майданда өзін ер жүрек және қайсар жауынгер ретінде көрсетті деп жазылған. Бұл азамат кейін соғыстан еліне аман-есен оралып, Жамбыл ауданындағы совхоздардың бірінде еңбек етіпті.

Сондай-ақ, Кеңес Одағының батыры Григорий Михеев туралы да мәлімет бар. Ол ұшқыш-штурман болған. Әуе шайқасында жаудың 750 көлігін, 600-ден астам арбасы мен 2 мыңға жуық вагонын жойыпты. Григорий Михеев 45-ші жылы жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан. Петропавл қаласында батырдың есімі берілген көше бар.

Құжаттардың сарғылт тартқан түсі, бүктеліп, мұқалған жерлері біраз уақыттың өткенін білдіреді. Мәселен, 65-ші жылы шыққан газет мақаласы да бар арасында. Негізінде, олардың барлығын жүйелеп жинастыру оңай болмаған. Иосиф Марцинкевич бұл істі әріптестерімен бірге 78-ші мен 89-шы жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстық әскери комиссар болған кезінде қолға алыпты.

Иосиф Марцинкевич – ҚР Қарулы күштерінің құрметті ардагері.

-1979 жылы соғысқа қатысушыларға алғаш рет уақытша куәліктер ұсынылып, шамаман 2 жылдан соң тұрақты түрдегі құжаттар беріле бастайды. Көп жайғдайда майдангерлерге қатысты мәлімет жеткіліксіз болды. Сонда 80-81-ші жылдары 15 мыңның маңайында куәлік берілді.

Иосиф Марцинкевичтің айтуынша бір ардагер туралы материал жинастыруға шамамен жарты жыл уақыт кеткен. КСРО-ның Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағаты мен Әскери-медициналық құжаттар мұрағатына 3 мың құжатқа сұрау жіберген екен сол кезде. Бізге сонда ардагерлердің өздері, туған-туыстарымен бірге еріктілер де көмектесті дейді.

Иосиф Марцинкевич – ҚР Қарулы күштерінің құрметті ардагері.

-Менде біз бірлесіп жұмыс істегендердің тізімі болды. Нидерландыдағы адамдар, іздеу топтары қол ұшын беретін. Сонда Саратов облысындағы бір қазақ азаматы сол қаладағы госпитальде көз жұмған қазақстандықтар туралы тізімді көшіріп алып, бізге жіберген еді.

-Ал, мына көше Кеңес Одағының батыры Вениамин Кошуковтың есімі берілген. Бұл атақ оған 1944 жылдың 13 сәуірінде КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен берліген. Кейін оған “Ленин” ордені мен “Алтын жұлдыз” медалін табыс ету үшін Мәскеуге шақырту алады. Ал, содан кейін осы Петропавлдағы жақындарына тек 2 кұнге ғана соғып, қайта майданға атанған.

-Вениамин Кошуков соғыста әуеде барлығы 120 рет сәтті ұшып, жауынгерлік тапсырмаларды үздік орындап, шабуылдауда асқан шеберлік көрсеткен. Ол 1944 жылдың жазында майданда ерлікпен қаза табады.

“Ер есімі – ел есінде” деген осы болар. Вениамин Кошуковты жұртшылық Ұлы Отан соғыстың аяқталғанына 70 жыл өтсе де, бейбіт өмір үшін күресте жанын пида еткен батырды ұмытпаған.

Ольга Борисова.

-Мен бұл көшемен жиі жүремін. Әрине, Кеңес Одағы батырының атында осындай көшенің бары қуантады. Тұрғындар ондай азаматтардың есімі мен ерлігін естен шығармауы қажет деп ойлаймын.

-Иосиф Марцинкевич барлығы 55 Кеңес одағының батыры мен 11 III деңгейлі Даңқ орденінің иегерлері туралы мәлімет топтастырыған. Енді, қарияның маңдай термен жинаған жәдігерлерді алдағы уақытта облыстық ардагерлер кеңесіне тапсырсам деген ойы бар.

 

 

Данаш Хамзина.