Билік

Қоғамдық көліктердегі қызмет көрсету сапасын жақсарту қажет

Қайролла Галеев- Петропавл қаласы әкімінің орынбасары.

-Қала әкімінің есептік кездесуінде және сайтта үнемі автобустар жұмысына қатысты тұрғындар шағымы көптеп түседі. Автобустардағы антисанитарлық жағдай, салон кір оның үстіне ішінде керек емес заттар шашылып жататын көрінеді. Жүргізушілер үшін бірыңғай киім үлгісі берілген. Алайда оның өзін қызметкерлер кимейтін көрінеді. Автобустар күн сайын жуулуы тиіс. Бірақ ол ережелер барлық бағыттарда бірдей жүргізіле бермейді.

Мұндай фактілерді жою үшін бірқатар рейд шаралары жүргізілген. Бірнеше серіктестік басшыларына ескерту қағаздары жөнелтіліпті. Ондай жағдай бір жыл көлемінде тағы қайталанса, онда талапқа бағынғысы келмейтіндермен келісімшарт бұзылатын болады.

Сайран Саркенов – Қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы.

– Жыл басынан жүргізілген 5 рейдтік шараның барасында 103 әкімшілік заңбұзушылық тіркелді. Солардың 45-і жол ережесін бұзу фактісі бойынша орын алған. Көп жағдайда жүргізушілер қауіпсіздік белдігін тақпайды. Ондайлардың саны – 9. Телефонмен сөйлесудің 14, салонда шылым шегудің 17, тағы 26-сы көшеге қоқыс лақтырғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Ал тәртіп сақшылары анықтаған келесі фактілерді естігенде тіптен жағаңды ұстайсың. Өткен жылы 11 бағыт бойынша қатынайтын автобус жүргізушісі куәлігі болмаса да көлік тізгіндеген. Ал келесі бір қоғамдық көлік жүргізген азамат туберкулез дертінен толық айықпастан, жүргізуші болып, жарты жылдан астам қызмет атқарған. Бұл ең алдымен, кәсіпорын басшыларының салғырттығы деді қала әкімі Марат Тасмағанбетов. Өйткені әр жүргізуші тұрғындардың қауіпсіздігіне жауапты.

Марат Тасмағанбетов- Петропавл қаласының әкімі.

-Мұндай жағдаыларды мүлдем болдырмау қажет. Ендігі уақытта ондай фактілер анықталса, қатаң жазалайтын боламыз. Тұрғындардан келетін шағым өте көп. Солардың алдын-алу қажет. Қоғамдық көлік жүргізушілері адамдардың өміріне жауапты. Ал жыл басынан 50-ге жуық жүргізуші жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Автобустардың да жағдайын қалыпқа келтіру қажет.

Жиын барысында қоғамдық көліктердің жұмысына деген өз шағымын тұрғындар да білдірді.

Надежда Гордеева- қала тұрғыны.

-Мен 24-ші маршрутпен әр күн сайын қатынаймын. Ең нашар автобустардың бірі. Қыста бірнеше рет баламды тиісті аялдамаға дейін жеткізбей, орта жолдан түсіріп кеткен. Ондағы айтқан себептері – адамдардың жоқтығы.

Кездесу барысында айтылған барлық ескертулерді қала әкімі назарға алу қажет деді. Тасымалдаушылар мен жауапты мамандар алдына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Марат Тасмағанбетов- Петропавл қаласының әкімі.

-Қоғамдық көлік жұмысын бақылауға алу қажет. Механиктер мен жүргізушілердің жұмысы бағытқа шығар алдында үнемі тексеріп отыруы тиіс. Диспетчерлік қызмет жұмысы да ақсап қалмауы тиіс. Әр мартшруттың келген- кеткен уақытын нақты тексеріп отыру керек. Жуық арада саяжайлық автобустар шығады. Солардың да уақытылы қатынауын бақылауды тапсырамын. Автобустардың санитарлық жағдайы басты назарда болуы керек.

Тасымалдаушылардың қызмет көрсету сапасын жақсартуды осыған дейін облыс әкімі тапсырған болатын. Сондай-ақ, жуық арада барлық автобус жүргізушілері жаңа киім үлгісімен қамтылмақ.

 

 

Магжан Ахмадина.