Денсаулық сақтау

Өңірдегі медицина саласы дамуда

Зарьяна Гайсина – қалалық 3 емхананың жалпы тәжірбиедегі дәрігері.

-Мен осында жас маман болып келдім. Емхана маған ұнайды. Білікті мамандар жұмыс жасайды. Әрдайым өз тәжірбиелерімен бөлісіп отырады. Емдеу мекемесінің материалдық-техникалық базасы да мықты. Жылдан жылға жаңартылуда. Жақында жалпы тәжірбиедегі дәрігерлер арасында Алматы қаласында өткен мастер-классқа қатысып қайттым. Онда алған барлық білімімді жұмыста қолдануға тырысамын.

Өткен жылдың қортындысы бойынша емхана алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелері арасында үздік деп танылған. Мұндағылар оның барлығы құрылғыларды жаңартуға бөлінген үлкен қолдау мен сапалы қызмет көрсетудің арқасында мүмкін болды деп отыр. Қондырғылардың жаңасына алмастырылуын науқастар да қолдайды. Айталық, жуырда мұнда көздің ішкі қысымын анықтауға арналған құрал алыныпты. Осы сынды заманауи жабдықтар ауруды дер кезінде анықтап, нақты диагноз қоюға жол ашқан.

Любовь Дудоладова.

-Әрине құралдардың жаңғыртылуы қуантарлық жағдай. Ол сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Өте ыңғайлы. Жалпы мұндағы дәрігерлер өз жұмысын жақсы біледі.

2015 жылы емхана ұжымына 2 жас маман қосылса, былтыр 20-дан астам ақ халатты абзал жан келген. Емдеу мекемесі алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды көздеп отыр.

Әлия Ташетова- қалалық 3 емхананың бас дәрігері.

-Алға қойған мақсатымыз кадрлық жүйені әрі қарай жасқарту. Ақпараттық технологияларды дамыту және құрал-жабдықтар аспаптар алу. 2015 жылдың өзінде 6 млн 900 мың теңге бөлініп отыр. Жалпы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының шарапаты мол болады деген ойдамын.

Емхананың 62 мыңнан астам емделушісі бар. Жалпы бүгіндері мұнда 79 дәрігер мен 220-дан астам орта медициналық персонал науқастарға қызмет көрсетеді.

 

 

Магжан Ахмадина.