Бизнес және экономика

Мемлекеттік қолдауды ұтымды пайдалану керек

Бауыржан Жүнісов, темір ұстасы.

-Нұрлан Рамазанов осы станцияны 2011 жылы ашты. Содан бері осында жұмыс істеймін. Жұмыс жақсы, айлығымды уақытында алып тұрамын.

Техникалық қызмет көрсету орталығының қожайыны Нұрлан Рамазанов негізі шағын және орта кәсіпкерлікпен 2010 жылдан мықтап айналыса бастаған. Содан бері мемлекеттік қаржылай қолдауға 3 рет жүгініп, біраз істің басын қайырыпты. Атап, айтсақ, сән салонын, автобөлшектер сататын дүкен және такси қызметін ашты.

Нұрлан Рамазанов, “Рамазанов” ЖК директоры, Есіл ауданы.

-Мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз өз бетімен жеке іс ашу өте қиын. Мен 2010 жылдан бері қаржы институттарынын сан мәрте жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алдым. Бұл дегеніңіз кәсіпкерлер үшін үлкен жеңілдік. Себебі, несиенің жылдық пайызы аз болғандықтан, мен қарызымнан тез құтылып жатырмын. Әрі шығындары қазіргі ісімді өркендетуге еш кедергісін келтіріп жатқан жоқ.

Нұрлан Рамазанов бүгінде 14 адамды тұрақта еңбекпен қамтыса, тағы 12 жерлесін жалдамалы жұмысқа алды. Жеке кәсіпкер мұнымен тоқтамақ емес, келешекте мемлеет алдындағы қарыздарынан құтылғанан кейін өңірде баламасы жоқ жобаларды жүзеге асырамын деп құлшынып отыр.

 

 

Берик Касен.