Білім

Келер жылы елімізде орта білім беру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілмек

Балғаным Оспанова – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ СҚОФ бапкері.

-Бұл бағдарламаның негізгі мазмұны төрт дағдыға негізделген. Олар: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым. Осыны оқушылар игеруі қажет.

Мектепте білім беру жүйесі жаңашылдық енгізілісімен толығымен өзгертіледі. Бұдан кейін оқушылар мен қатар мұғалімдерге де оқуға тура келеді. Өйткені сабақ беру әдісі, оқушыларды бағалау мен ғылымға деген көзқарастары заман талабына сай өзгертілмек.

Алма Мурзалинова – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ СҚОФ директоры.

-Қазір ел бойынша “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ың барлық 17 филиалының бапкерлері бір айлық курстарды өтуде. Олар 2016 жылы білім беруге жаңашылдық енгізгенде педагогтарды осы тың өзгеріспен таныстырып, оның әдістерін үйретеді. Қазір бізде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бапкерлері біліктіліктерін арттырып келді. Енді математика, физика пәндерінің оқытушылары арнайы курстардан өтуге аттанды.

Жалпы мұндай курстардан елордада орталықтың өзге де оқытушылары өтуде. Кейін олар өңір педагогтарының біліктіліктерін арттырмақ. Ал білім берудегі жаңашылдық келесі жылы енгізіледі деп жоспарлануда. Сол кезде еліміздегі мектептер 12 жылдық оқыту жүйесіне көшеді. Жалпы білім берудегі қазақстандық модельдерді жаңғыртуды ел Президенті ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қадап айтқан болатын.

 

 

Риат Шони.