Аптадағы маңызды жаңалықтар

Энергия қорын үнемдеу

“Зенченко и К” КС-нің 2 жел генераторы Индустриаландыру картасы бағдарламасы аясында іске қосылды. Әрбіреуінің қуатлығы 1 мегаватты құрайды.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Энергия қорын үнемдеу – бүгінгі заман талабы. Баламалы энергия көзін пайдаланудың экономикалық, экологиялық маңыздылығы ерекше. Алдағы уақытта облыста “Жасыл” экономиканы жүзеге асыру үшін энергия үнемдеуге арналған қондырғылар саны көбеюі керек. Осындай қондырғылар әр ауданда орнатылуы тиіс деп ойлаймын.

Жел генераторлары баламалы энергия өндіруге мүмкіндік бермек. Оларды құрастыру кезінде әлемнің озық технологиялары пайдаланылған. Сөйтіп, мұнда тоқ көзіне кететін ай сайынғы шығынды 6,3 млн. теңгеге дейін қысқартуға болады. Оған қоса жел қуатынан алынған бір килловат тоқ көзіне мемлекеттен 24 тг. субсидия төленетін болады. Шаруаларға да қуат көзі арзанға түседі.

Геннадий Зенченко, “Зенченко и К” КС директоры.

-При поддержке нашего Президента. Сегодня поданы постановления о “зеленой ” энергетике, о расчетно-финансовом центре. План мы сделали. Запускаем. Договора заключены.

Жоба “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы мен облыс әкімдігі арасындағы жасалған меморандум аясында жүзеге асырылды. Биіктігі 74 метр, салмағы 150 тоннаны құрайтын әрбір қондырғының құны 500 мың еуро тұрады. Оны орнату үшін Германиядан мамандар арнайы шақыртылған.

Иван Зенченко, “Зенченко и К” КС бас инженері.

-Бүгінде барлық тоқ көзі Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының подстанциясына кетіп жатыр. Онда электр есептегіш құрылғылар орнатылған. Желден өндірілген тоқ көзі серіктестіктің және ауыл тұрғындарының электр қуатына деген қажетлігін толығымен жабады. Біз ай сайын шамамен 5-6 млн. теңге үнемдеуді жоспарлап отырмыз.

Иван Зенченконың айтуынша, қондырғы 3-4 жылдың ішінде өз құнын ақтайды. Себебі осыған дейін орнатылған осындай 2 жел генераторы тиімділігін көрсетіп, 2 жылдың ішінде 4 млн. Квт электр қуатын өндірген.

 

 

Берик Касен.