Без категории

Ардагерлер – Жеңістің куәгерлері

Алексей Чопоров – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Қиыр Шығыста 7 жыл болдым. Онда аттанып бара жатқанда бізге: “Мұндағылар Берлинді құртады, ал сендер Шығыста соғыс иісін сезінесіңдер” деді. Содан соң, Усурий жерінен түсіп, биік төбешіктер арқылы жапондармен алғашқы қақтығысқа аттанғаным есімде. Ол Манчьжур түбіндегі шайқас болатын.

Сөйтіп, әскери қызметін 1944 жылдан 1951 жылға дейін Қиыр шығыс жерінде өтеген Алексей Васильевич соғыстан кейінгі жалдары құрылысқа белсене араласқан. 60 адамнан тұратын бригаданы басқарып, Петропавлды гүлдендіруге үлес қосқан жерлесіміз кейіннен қаланың құрметті азаматы атағын алады. Бүгінде әл-қуаты бәсеңдеп, 90-ды маңайлаған қария жастық шағын, жұбайымен қалай танысқанын жиі есіне алды.

Алексей Чопоров – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Менің отаным – Алтай өңірі. Петропавлға мені махаббатым жетелеп келді. Жапонияда болғаннан бері хат алмасып жүретін әскери қызметті бірге атқарған досымның қарындасы болатын. Соны іздеп келдім. Жарыммен осы қалада өмірдің ыстық-суығын бірге көрдік. Өкінішке орай, жұбайымның арамыздан кеткеніне бір жылдан асып кетті.

Алексей Чопоров Қазақстанға Пелагеяны іздеп, 1951 жылы әскерден оралған бойда келген екен. 60 жылдан артық отасқан жұбайы екеуі 4 қыздан 20-дан артық немере-шөбере сүйе алды.

 

 

Акбопе Танирберген.