Өнеркәсіп

Халықаралық «Экспо-2017» көрмесіне солтүстікқазақстандық кәсіпорын қатысуда

Зауытта қазір қызған жұмыс. Мұндағылар Елімізде 2017 жылы өтетін маңызды шара «Экспо» көрмесіне қажетті материалдар әзірлеп жатыр. Бүгіннің өзінде олар өнімнің 30 пайызын жөнелтіп үлгерген. Серіктестік басшылығы маусым айына дейін барлық шаруаны тындыруды межелеген. Айталық, халықаралық көрмеге қажетті мына 48 метрлік құрылымды жасауға жұмысшылар 3 күн еңбектеніпті. Бұл тек алпауыт павильонның жартысы ғана.

Азамат Беккужинов- “Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты” ЖШС директорының орынбасары.

-«Қызылжар инвест» форумында біз «Экспо» көрмесіне қажетті материалдарды жеткіземіз деп меморандум жасастық. Келісім аясында алғашқы тауар елордаға ақпан айында жөнелтілді. Жалпы жыл басынан бері 600 тонна өнім апардық. Мерзімінен бұрын барлық шаруаны тындыруды көздеп отырмыз. Бұл жобаның біз үшін маңызы зор. Халықаралық көрме болғандықтан, жаңа дәрежеге шығуға, тәжірбие алмасуға зор мүмкіндік.

Құрылымдарды дайындауға қажетті шикізатты мұндағылар Қазақстан мен Ресейден алады. Жалпы тапсырыс құны – 500 млн. теңгені құраған. Соның арқасында 30 жаңа жұмыс орны ашылды.

Денис Джемилев- “Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты” ЖШС шебері.

-Менің мұнда жұмыс істеп жүргеніме жарты жылдан астам уақыт өтті. Құрастыру-дәнекерлеу цехі ашылғалы осындамын. Қазір, міне, Астанаға өнім жібереміз. Мына конструкцияның жобасын өзіміз жасадық. 4 бөлікке бөлінген құрылымды жуық арада елордасына жеткіземіз.

Жыл басынан бері мұндағылар 15 млн. теңгеге жаңа құрылғылар сатып алған. Солардың бірінде жас маман Біржан Амантаев жұмыс жасайды. Бұл әмбепап гидравликалық қайшы кәсіпорындағыларға 5 млн. теңгеге айналған.

Біржан Амантаев- “Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты” ЖШС гидравликалық станок операторы.

-Бұл керек бөлшекті жылдам жасап шығаруға көмектеседі.

Кәсіпорында қызметкерлер екі аусымда еңбек етеді. Жалпы серіктестікте 150 адам жұмыс істеуде.

Азамат Беккужинов- “Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты” ЖШС директорының орынбасары.

-Қазір бұл салада бәсекелестік өте мықты. Сондықтан нарықта өз өніміңді ұстап тұру үшін, жаңа тауар түрлерін енгізіп, жұмысты сапалы атқару қажет. Бұл бағытта бізге жасалып жатқан мемлекет қолдауы орасан зор. Сондықтан келешекте де біз Қазақстандық үлесті дамытуға ат салысатын боламыз.

Кәсіпорын алдағы уақытта да “Экспо” халақаралық көмесіне қажеттті материалдар жасауды жалғастырмақ.

 

 

Магжан Ахмадина.