МТРА жаңалықтары

Сайлаудың өтуін бақылайтын облыстық қоғамдық комиссия жұмыс жасап жатыр

Сәуле Сүлейменова- СҚО сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия мүшесі.

-Біздің бірінші міндетіміз – ол сайлауда қоғамдық бақылау жасау. Екінші міндетіміз – сайлаудың әділ өтетіндігін қадағалайтын 700 қадағалаушыны дайындау. Біз бұл жұмыстарды кандидарттарымыздың құқығы бұзылмауы үшін жасаймыз.

Шараның тиісті деңгейде өтуі үшін қазіргі таңда комиссия өкілдері сайлауға еріктілерді тартуды көздеп отыр. Жиын барысында комиссия жұмысына қатысты сауалдар да жолданды. Солардың бірі – аудандардағы саяси науқанға дайындық барысы жайында.

Сергей Худяков- СҚО сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссияның төрағасы.

-Шыныменде қыруар жұмыс атқарылуы тиіс. Қадағалаушыларды оқытып, дайындау деген ол үлкен шаруа. Аудандарда да бұл жұмыстар ақсап қалмауы тиіс. Барлық сайлаудың өтуіне жауапты азаматтарды күнтізбелік жоспарлармен қамту қажетпіз. Жалпы түрлі әдістемелік материалдардан науқанның қалай өтетіндігі жайында ақпарат алуға болады.

Жалпы бүгінгі күні облысымызда 750-ге жуық сайлау учаскесі жасақталыпты.

Магжан Ахмадина.