МТРА жаңалықтары

ҚР Президентінің сайлауына дайындық

Валерий Евдокименко – Шет мемлекеттердің халықаралық ұйымдардың байқаушыларына және шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесудің СҚО-ық орталығының жетекшісі.

-Біздің басты міндетіміз шет елдерден келетін байқаушыларға көмектесу болып табылады. Біз оларға сайлаушылармен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, қоғамдық-саяси партиялар және де мемлекеттік емес ұйымдармен кездесулерді ұйымдастырамыз.

Біздің өңірге келетін меймандар облысымызда 1-ші мамырға дейін болады. Бұл орталықта олар үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда шетелдік байқаушыларға әр салада қызмет ететін 4 ерікті көмектеседі.

Валерий Евдокименко – Шет мемлекеттердің халықаралық ұйымдардың байқаушыларына және шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесудің СҚО-ық орталығының жетекшісі.

-Орталықта келетін меймандарға арнап Солтүстік Қазақстан облысының тарихынан сыр шерткізетін материалдар дайындалды. Сонымен қатар сайлау учаскелерінің орналасуы бойынша ақпараттар жинағы да бар. Жалпы біздің орталық шетелдерден келетін байқаушылармен жұмыс істеуге дайын.

Сонымен қатар өңірімізге көршілес Ресейдің Қорған, Омбы мен Түмен облыстарынан байқаушылар келеді деп күтілуде.

 

 

Риат Шони.