Билік

Облыс әкімі шаһарда тұрғызылып жатқан балабақшалардың құрылысымен танысты

Искандер Дальдабаев – учаске прорабы, «Ақмола энергия жөндеу» ЖШС.

-Қазір балабақшаның қазаншұңқұрын қазып болдық. Қазығын қағып жатырмыз. Жоба бойынша 6 метрлік еді. Асауыр салмақты көтере алмағандықтан, 8 метрліктерге ауыстырдық. Қазір екі бригада жұмыс істеп жатыр. Олар қазық қағушылар және монтаждаушылар.

Болашақ балабақшаның жалпы аумағы 3850 шаршы метр болмақ. Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов нысанды желтоқсан айында халық игілігіне беру керектігін баса айтты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Балабақшаны 15 желтоқсанда тапсыруымыз керек. Оған дейін құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде, сапалы жүргізілуі тиіс. «СевКазЭнерго» компаниясы облыс орталығында келер жылы тағы жеке инвестициясына осындай нысан тұрғызатын болады. Ол үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Ал Алматинская көшесі 4 мекенжайында дәл осындай балабақшаны «Егоровские склады» ЖШС тұрғызып жатыр. Мектепке дейінгі тәрбие беретін ошақ 280 орындық. Бұл учаскеде жұмыстар енді басталған. Нысанға құрылыс материалдарын «Единство» серіктестігі жеткізіп отыр.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Егер де қандай да бір проблема туындайтын болса, қала әкімі мен менің орынбасарым Владимир Бубенко сіздермен айына бір мәрте штабтың отырысын өткізетін болады. Мен ай сайын келіп жағдаймен танысып отырамын. Сондықтан жұмысты күшейтіңіздер. Қызметкерлермен құрылыс материалдары жеткілікті.

Рижская көшесіндегі 200 орынға шақталған балабақша жертөлені қоса есептегенде үш қабаттан тұрады. Бүгінгі күні жұмыстың 50 пайызы атқарылған. Енді тек соңғы қабат пен төбесін жауып, ішкі әрлеу жұмыстарына көшу қажет. Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов шаруаны қарқындатуды тапсырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Жаңадан екі балабақшаның құрылысы басталды. Оларды жыл соңына дейін тапсыратын боламыз. Ал сізде біраз жұмыстар атқарылып қойған. Сондықтан сіздер мына ғимаратты үшінші тоқсанда халық игілігіне беруді жоспарға енгізіңіздер.

Артем Кошиков – «Петрострой-люкс» ЖШС бас инженері.

-Бірінші және екінші қабаттарда балалардың жатын, ойын бөлмелері болады. Кең дәрігерлік кабинет ашуды да жоспарлап қойдық. Қазір инженерлік желілерді тарту мәселесі толықтай шешілді.

Қазіргі таңда Петропавлда балабақша кезегінде 10 мыңнан астам бала тұр. Биыл 1500 орынға шақталған бірнеше тәрбие ошағы іске қосылады. Осылайша жыл соңына дейін бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін 96 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

 

 

Самат Джакупов.