Аптадағы маңызды жаңалықтар

Көктемгі су тасқынына қарсы шаралар пысықталды

Павел Филиппов, СҚО ТЖД бастығы.

-Биыл Уәлиханов, Қызылжар, Есіл аудандарындағы өзенге жақын орналасқан елді-мекендер мен облыс орталығындағы кейбір аудандарды су басу қаупі бар. Қазір өңірде жедел әрекет ету отрядтары құрылды. Техника мен интертті материалдар қоры жеткілікті. Тек аудан әкімдері төтенше жағдай орын алған ауданда құтқарушыларды жанар жағармай және тамақпен қамтамасыз етсе болғаны.

Былтыр Уәлиханов аудандарының тұрғындары көктемгі су тасқынынан көбірек зардап шеккен. Сондықтан өңір жетекшісі, әсіресе, Сілеті су қоймасындағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Ерік Сұлтанов, облыс әкімі.

-Былтыр Уәлиханов ауданында 2 елді-мекенді су басты. Ол жағдай биыл қайталанбасын. Қазір Сілеті су қоймасы 67 пайызға толған екен. Сондықтан қазірден бастап, сәуірдің 8-іне дейін ондағы тіршілік көзінің артық мөлшерін бөгеттер арқылы босатып, су деңгейін 50 пайызға дейін төмендету қажет.

Алда жаз мезгілі келе жатыр. Бұл уақытта орман өрті жиілей түседі. Оған да осы бастан қамданған жөн деді өңір жетекшісі. Осы тұста шаруа қожалықтары мен, жеке серіктестіктер өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Себебі, бүгінде өңірдегі 30 мың Га егіс алқабы орманға жақын орналасқан.

Қабиден Сәдуақасов, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

-Былтыр Өңірде 7 орман өрті тіркелді. Ірі оқиғалар Булаев және Есіл аудандарында болды. Бүгінде оған кәнілі серіктестік басшылары жауапқа тартылды. Айтарым, шаруалардың көбі былтырғыдан қалған сабанды өртегенде ормандарға қауіп төнуі мүмкін.

Ерік Сұлтанов, облыс әкімі.

-Биыл орманды өрттен сақтау үшін барлық шаралар жоспарға сәйкес орындалсын. Республикалық, облыстық маңыздағы жол жиектері мен электр бағаналары орналасқан жерлер жыртылсын. Жыртылған жердің ені ең кемі 4 метрден кем болмауы тиіс.

Осыдан кейін барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтардың орындалу барысы сөз болды. Жалпы өткен жылы аудан әкімдерінің ешбірі айтарлықтай қателікке жол бермеген.

 

 

Берик Касен.