МТРА жаңалықтары

Биыл СҚО-да 13 елді-мекенге таза ауыз су беріледі

Серік Ысмайлов – «Қазсуашар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалының директоры.

-Біз өзіміз есептеп шықтық. Аудандық әкімшіліктермен, селолық әкімдермен сөйлесіп, қазіргі таңда 8 елді-мекеннің халқы қалмай бара жатыр. Өйткені құжаттар 2009 жылы қабылданғанда, ол ауылдарда 30-40 отбасы болса, қазір 3-4 отбасы қалған екен. Сондықтан аудандық әкімшілік оларды болашағы жоқ ауылдар деп танып, оларды тізімнен алып тастайын деп отырмыз. Осылайша біз 493 миллион теңге үнемдейін деп отырмыз.

Бұл 8 ауыл Мамлют, Жамбыл және Есіл аудандарында орналасқан. Жалпы бүгінгі күні Преснов және Соколов топтық су құбырын салу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Жоба сәтті жүзеге асса, биыл облыстағы 13 елді-мекенге сапалы таза ауыз су берілетін болады.

Серік Ысмайлов – «Қазсуашар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалының директоры.

-Қазіргі таңда 8 миллиард 300 миллион теңгедей ақша бөлінді. Осының 493 миллионын үнемделейін деп отырмыз. Әлі де болса бұл жұмысты жалғастырамыз, көреміз, өзіміз шамасы тағы осындай ауылдар шығып қалады деген болжам жасап отырмыз.

Бағдарлама 2020 жылға дейін жүзеге асырылады. Осылайша «Есіл су» кәсіпорны бұл уақыт аралығында өңірдегі барлық ауылдарды сапалы тіршілік нәрімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

 

 

Самат Джакупов.