МТРА жаңалықтары

Әуесқой әншілер байқауы өтті

Александр Янцен, әуесқой әнші, оператор.

-Менің мамандығым шығармашылықтан алшақ емес. Мен бейне сюжеттерді камераға түсірумен шұғылданамын. Бірақ, өзгелер сияқты өнерден таласым бар. Өз мүмкіндіктерімді сахнада сынап көргім келді. Сондықтан аталмыш байқауға қатысуға қуана келістім.

Сынақ алдында үміткерлер қатаң іріктеуден өтіп, осы байқауға 1 ай көлемінде дайындалған.

Дмитрий Столбовский, Ойын-сауық қызметі орталығының директоры.

-Бірінші орынға 100 мың теңге тігілді, 2-ші орынға 75 мың, ал 3-ші орынға 50 мың теңге тігіліп отыр. Бірақ, бір айтарым, біз алғашында үміткерлер ақшаға қызығып, байқауға қатысатын шығар деп ойладық. Бірақ олай болмай шықты. Бұл жандар шынымен өнер десе, ішкен асын жерге қоятын жандар. Олар соншалықты елге танымал болмаса да, кішігірім ойын-сауық, той-думандарда көрерменнің көзайымына айналып үлгерген. Сондықтан, олардың өнеріне қызығушылар көп болды. Тіпті билет жетпей қалды.

“Бірде бір” ән байқауына 10 кәсіби әнші әуесқойлармен жұп құрып ретро және заманауи туындыларды орындады. Үміткерлердің сахнадағы мәдениетін, әннің киіммен үйлесімділігін өнер майталмандарынан құралған әділ-қазылар бағалады.

Алма Банных, қазылар алқасының мүшесі.

-Конкурсанттар сахнаға бірінші рет шығайын деп тұр. Біз олардың өнерін барынша әділ бағалауға тырысамыз. Біз олардың музыкалық аспапта ойнауына, дауыс тембіріне, киім киісіне баса мән береміз
Шығармашылық сайысты тамашалауға келгендердің санында есеп жоқ. Көп көрермен күткендей, конкурс ойдағыдай өтіп, әуесқой әншілердің дауыс тембрі мен сахналық мәдениеті теріскейліктердің көңілінен шықты.

-Қалада бұрын соңды осындай шара өтпеп еді. Мен осындай байқауды тамашалағаныма қуаныштымын. Орындалып жатқан әндердің барлығы тамаша.

-Байқау қызықты өтіп жатыр. Үміткерлер бірінен бірі өтеді. Әндерінің тақырыбы әр түрлі. Жігіттер-қыздар жарап жатыр.

-Осындай ауқымдағы концерте алғаш қатысуым. Әншілердің дауыстары әдемі екен.

Айта кету қажет, “Бір де бір” ән сайысында ұнатқан үміткерін көрермендер дауыс беру арқылы таңдай алды. Залдағы 65 адамның дауысы 10 ұпайға саналды. Сөйтіп, ақтық сында банк қызметкері Есен Жүсіпов пен Алексей Мишаченко дуэті көрермендер мен қазылар алқасының көп ұпайын жинап, жеңіске жетті. Олар бұл сында “Потерянный рай” әнін орындаған болатын.

 

 

Берик Касен.