Мәдениет

Жергілікті театрлар халықаралық театр күнін атап өтті

Салтанатты шара барысында өнер ордасының дамуына үлес қосқан тұлғаларға Қазақ КСРО халық әртісі Иван Арчибасов атындағы сыйлық пен алғыс хаттар табысталды. Биыл жылдың үздік актеры Роман Лахтин, ал жылдың үздік актрисасы деген атақққа Марина Черняк лайық деп танылды. Осы күні ең жас өнерпаздарға дебют премиясы да табысталды.

Евгения Гончаренко, Н.Погодин атындағы орыс драма теартының актрисасы.

-Көрермен залға лық толса ол біз үшін қуаныш, мереке. Бүгін мен үшін айрықша күн. Мен “Чемоданная настроения” сахналық қойылымына бірінші рет қатысып, дебют премиясын алдым.

Бұдан кейін көрермендер Михаил Себастьянның пьесасының желісі бойынша түсірілген “Безымянная звезда” филімінен алынған қойылымды тамашалады. “Мона” лирикалық камедиясы қалада өскен бай қызы мен ауылдағы қарапайым мұғалімнің арасындағы махаббат жайлы. Туындыны сахнаға шығару үшін режиссер 3 айға жуық уақытын жұмсаған. Көрермен бұл туындымен теледидар арқылы бұрын да таныс болғандықтан, фильмнен мүлдем алшақтап кете алмадым дейді.

Тимур Кәрімжанов, Облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрының көкемдік жетекшісі.

-Бүгін көрерменге қызықты әрі, ерекше туынды жол тартпақ. Сонымен қатар Мона рөлін сомдайтын Ирина Пашкинаның бенефисі. Ал пьессаға келетін болсақ, ол – махаббат, үміт, сенім жайлы. Қойылымның оқиғасы дәл осы Петропавл сияқты кішігірім қалада өрбиді. Содықтан менің жаныма ерекше жақын.

Жалпы теріскейлік көрермен жергілікті тетрдың репертуары мен қойылым сапасына оң бағасын берді.

-Театрға демалып, рухани азық алу үшін келемін. Әртістер сахнада жақсы ойнайды. Соңғы кезде өнерпаздардың қатары жастармен толығып келеді. Бұл мені қуантуда.

– Мұнда келген маған ұнайды. Үнемі жақсы әсер алып қайтамын. Маған лирикалық, комедиялық қойылымдар көбірек ұнайды. Мебарлық театр ұжымын мерекемен құттықтаймын. Әртістерге өнерде табыс тілеймін.

 

 

 

Берик Касен.