Мәдениет

Талантты түлектер туған жеріне келіп өнерлерін паш етті

Гюлага Илдырымов – СҚО маслихатының депутаты.

-Біріншіден, түркі тілдес халықтардың жаңа жылы келді. Сонымен қатар біз үшін маңызды мейрам – ассамблеяға 20 жыл толып отыр. Одан соң, Президент сайлауы. Бұл мерекелердің қарсаңында достарыма сыйлық болсын дедім. Сонымен қатар, екі ұлым Алматыдағы жоғарғы оқу орындарын аяқтап келіп отыр. Сондықтан да өздерінің алғашқы концертін өздері туып-өскен, білім алған жерде қойғанды жөн көрді.

Ағайындылардың кішісі – Табриз тек дарынды әнші ғана емес, сонымен қатар скрипканы да меңгерген. Оның өмірдегі достары өнерде де қолдау танытып жүр. Табриздың жолдастарымен бірге құрған «Royal джаз» деп аталатын тобы бар. Бүгін өнерлі жігіт достарының және облыстық эстрада -симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ән шырқады.

Өзің туып-өскен жерге келіп, өнеріңді паш еткен керемет дейді Тавриз Илдырымлы.

Тавриз Илдырымлы.

-Концертке Алматыдан менің алғашқы “Роял джаз” деп аталатын тобым келді. Концерттің бірінші бөлімінде қобыз, скрипкада классикалық туындаларды ойнасақ, екінші бөлігі джазға арналған. Осы қалада оқығандықтан, бұл сахнада бірінші рет өнер көрсетіп тұрғаным жоқ. Бірақ, өзге қаладан қонақ ретінде алғаш келуім.

Ал Бобек Илдырымлы қобызда ойнап жұртшылықтың ықыласына бөленді. Оның орындауындағы Ықыластың күйі «Ерден», Мұқан Төлебаевтың «Поэмасы» мен Қорқыттың шығармалары көрерменнің көңілінен шықты.

-Керемет. Джаз да , классика да, қазақтың ұлттық туындылары да бәрі болды. Керемет көңіл-күйде отырдым.

-Өте ұнады, өте керемет музыка. Жігіттердің құрған “роял джаз” тобының көрсеткен өнерлері ерекше ұнады.

-Мазмұнды өтті. Балалар жарады. Маған қобызда ойнаған қазақтың композитоларының туындылары ұнады.

Ағайынды Илдырымлылар өздерінің алғашқы қадамдарын туып-өскен қалалары Петопавлда бастап отыр. Алдағы уақытта Қазақстанның өзге шахарларында да осындай жеке концерттерін өткізуге ниетті.

 

 

Акбопе Танирберген.