Спорт

Сумен қамтушы кәсіпорын қызметкерлері арасында балық аулаудан сайыс өтті

Досай Ишкалов, “Қазсушар” ШЖҚ РМК “Есіл су” филиалы Соколов өндірістік учаскесінің басшысы.

-Әңгіме балық аулауда емес. Біз осы шараның арқасында мекемелер арасындағы байланысты нығайтып, өзара тәжірибе алмаса аламыз.

Анис Қазбеков балық аулауды 25 жыл бойы ермек етіп келеді. Алдағы уақытта да бұл ісін доғармақ емес. Бұл жерде бастысы – төзімділік керек дейді тәжірибелі балықшы.

Анис Қазбеков, “Есіл су” филиалының Ишим өндірістік учаскесінің бас механигі.

-Жаңа ғана қармағыма алабұға түсті. Балықтар негізі күрішке жақсы келіп жатыр. Өзім Есіл өзенінде балық аулауды жақсы көремін. Әрине, барлық қалаған балығың қармаққа іліне бермейді. Бірде олжаға кенелсең, бірде бос қайтатын күндер де болады. Бастысы шыдамдылық керек.

Ауа райы бұл жолы балық аулауға шамалы кедергі келтірді. Дегенмен, әуесқойлардың қармағына су жәндігінің түр-түрі ілінді. Бұл сында үміткерлерді қолдаушы жанкүйерлердің қатары қалың болды.

– Сайыс оңай өтіп жатыр деп айта алмаймын. Бүгін күн салқын әрі өткір жел соғып тұр. Соған қарамастан, кейбіреуі тырмысып, ұзындығы 15-30 сантиметрлік шортан аулап жатыр. Бірінің қармағына шабақ, бірінен алабұға түсуде. Мен бүгін петропавлдықтарға жанкүйермін.

-Мен бүгін Булаев өндірістік учаскесінің командасын қолдаймын. Өз басым осындай іс-шараның жылда өтіп тұрғанын құптаймын. Бүгін күннің суықтығына қарамастан, барлық ұжым мүшелерінің көңіл-күйі көтеріңкі. Барлығы бір-бірімен емен-жарқын араласып жүр.

Жарыс 4 сағатқа созылды. Осы уақыт аралығында салмағы 10 келіден асатын балықты ұстағандар табылды. Бұл жолы Булаев өндірістік учаскесі құрамасының жолы болып, олар дорбасын ірі шортандармен толтырды.

Роман Давыдов, “Қазсушар” ШЖҚ РМК “Есіл су” филиалы Булаев өндірістік учаскесінің дәнекерлеушісі.

-Былтыр құрамалар арасында 3-ші орын алдық, биыл 2-ші орынға тұрақтадық. Өзгелермен сынға түсу оңай болмады. Оған қоса жел бағытын ауыстырып тұрды. Содан болар, қармаққа балық онша көп түсе қоймады. Мен ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Әріптестерімді көріп, табиғат аясында демалысты жақсы өткіздім.

Жарыс соңында қармаққа іліккен балықтың салмағы мен өлшеміне байланысты қазылар алқасы жүлделі орындарды белгіледі. Салауатты өмір салтын ұстанған басқа балықшылар да назардан тыс қалмай, оларға диплом және естелік сыйлықтар тарту етілді.

 

 

Берик Касен.