Спорт

СҚО мемлекеттік қызметкерлер арасында суда жүзуден сайыс өтті

Александр Труш – спорт шебері, 1 санатты төреші.

-Қатысушылардың саны 35. Мұндай шара жыл сайын өтіп тұрады. Мақсаты – дене шынықтыру, спорт түрлерін дамыту. Бұрын шылым шегу сән болса, қазір әр түрлі фитнес клубтарға, акваэробикаға барып спортпен шұғылдану әдітке айналып барады. Жеңімпазды уақыт арқылы анықтаймыз. Ал эстафета арқылы қай мекеменің жеңіске жететінін білеміз.

Бүгін бұл сайыста әйелдер 25 метр, ерлер 50 метрге жүзуі керек. Дәл қазір әйелдер арасындағы жеке жүзу сайысынан СҚО білім басқармасының есепшісі Жібек Ордабекова 2-ші жүзіп келді. Су спортына қызығушылық танытып жүрген жас маман сайысқа 1 ай бұрын дайындала бастаған. Ол қазір 2 жігіт, 2 қыз болып жүзетін командалық эстафетаға дайындалуда.

Жібек Ордабекова – СҚО білім басқармасының есепшісі.

-СҚО білім басқармасының атынан келіп отырмын. Екінші орынды алдым 25 метр жүзіп. Қазір тағы бір сайыс бар, онда жүлдеге таласамын.

Бүгінгі сайысқа Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті ерекше белсенділікпен ат салысуда. Олар командылық сайыста, мәреге өзге қарсыластарынан бірнеше минут бұрын жетті.

Андрей Добровский -Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары.

-Өзіміздің мекеменің қызметкерлері болып сайысқа үлкен қызығушылықпен қатысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметкерлер арасында жүзуден, шаңғы тебуден, жеңіл атлетикадан мұндай сайыстар жиі өткізіліп тұрады. Осындай шараларға қатысып, жеңіске жеткенде ерекше қуанышқа бөленеміз. Бүгін біз жеке жүзуде де, топпен жүзуде де жеңіске жетіп отырмыз. Ұйымдастырушыларға рахмет.

Сөйтіп, жалпы командалық жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті алса, екінші болып мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері келді. Ал үздік үштікті әділет департаментінің мамандары қорытындылады. Сайыс соңында жеңімпаздар кубок, медаль және бағалы силықтармен марапатталды.

 

 

Акбопе Танирберген.