Спорт

“Мен чемпионмын” балалар спорттық ойыны өз мәресіне жетті

Қанат Сәдуақас – СҚО білім басқармасы спорт, дене шынықтыру және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры.

-Бүгін төрт күнге созылған ойындардың соңғы, финалдық күні. Дәл қазір бас жүлде үшін “Стрела” командасы мен “Олимпидашылар” күш сынасатын болады.

Ақтық сынды жиналған жанкүйерлер тағатсыздана күтуде. Өз құрамаларына демеу көрсетіп, алдарына жан салар емес. Тіпті, жобаның бас жүлдесі үшін күш сынасатын «Олимпиадашылар» мен «Стрела » командаларын қолдап түрлі плакаттар да әзірлепті.

-Мен “Стрела” командасы үшін қолдау көрсетіп отырмын.

-Мен 17-ші мектеп үшін қолау көрсетіп отырмын. Олар жеңіске жетеді. Өйткені олар мықты.

-Менің ойымша “Олимпиадашылар” жеңіске жетеді. Олар мықты.

Жарыс алдында бас жүлде үшін таласатын қос құрама қобалжу үстінде. Өйткені оларға ақ тер, көк тер болып, жеңіс үшін бар күштерін салу қажет. Бапкерлерінің айтуы бойынша шәкірттері оған тас түйін дайын.

Елена Зеленова – «Стрела» командасының бапкері, Петропавл қаласы №7 орта мектеп.

-Финалға өту қиын болды. Енді ақтық сыннан әділ төрелікті күтемін. Қарсыластарымыз да біз секілді финалға шықты, демек олар да мықты. Жалпы шәкірттерімнің ойын алдындағы көңіл-күйлері көтеріңкі. Жеңімпазды уақыт көрсетеді.

Жалпы ақтық сында командалар бес конкурсты бағындырулары қажет. Сайыстың алғашқысы – баскетбол. Қиындығы сол – ортада тұрған кедергіден өтіп, допты себетке дәл салу керек. Бұл сында бойшаңдары мен аласалалары аралас көк жейдедегі «Стрела» басым түсті.

Ал екінші конкурста иықтары тоқпандай, білекті «Олимпиадашылар» жеңіске жетті. Есеп 4-4.

-Өз басым кішкентай кезімде ауылда К-700-тың дөңгелегінде айналмағанмын, бірақ «Мен чемпионмын» жобасына қатысушы әр ойыншы мына алып дөңгелекте айналуы міндетті. Бұл сайыстың шарты.

Бұл эстафетада да «Олимпиадашылардың» асығы алшысынан түсті. Ал «Стрела» құрамасы үшін жіберілген есені қайтаратын сәт – капитандар сайысында туды. Бірақ мұнда да 17-ші ұлттық өркендеу мектеп-кешені құрамасының көшбасшысы мықты атанды.

Ақтық кезеңге нүкте қоятын финалдық эстафета. Бұл сын да қос құрама үшін қиынға түсті. Өйткені, төрт күнге жалғасқан жарыста мұндай конкурс болмаған. Ептілік пен жылдамдықты талап еткен сайыста ойыншылар алдарына жан салар емес. Бірақ бұл жолы да «Стрела» артта қалды. Ал жеңіске жеткен қарсыластарының қуанышында шек жоқ. Өйткені олар жобаның жеңімпазы атанды.

«Мен чемпионмын» балалар спорттық ойынының алғашқы маусымы аяқталды. Бұндай айтулы шаремен барлық қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары.

-“Нұр Отан” партиясы СҚОФ бастамасымен өткен “Мен чемпионмын” балалар спорттық ойыны өз мәресіне келіп жетті. Сіздерді осы шарамен құттықтаймын.

Сонымен өз аяғына жеткен жобаның жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Сайыстың қорытындысы бойынша үздік үштікті Айыртау ауданының «Виктория» құрамасы тұйықтады. Ал күміс жүлдені Петропавл қаласының 7-ші орта мектебінің «Стрела» командасы еншілесе, «Мен чемпионмын» балалар спорттық ойынының жеңімпазы – 17-і орта мектептің «Олимпиадашылар» құрамасы атанып, бас жүлде ауыспалы кубокты абыроймен көкке көтерді.

Ульяна Кошубекова – «Олимпиадашылар» командасыының мүшесі, жоба жеңімпазы.

-Қарсыластарымыз өте мықты болды. Ойын оңай болған жоқ. Бірақ біз жеңдік, біз чемпионбыз.

Жобаның ақтық кезеңінде өнер көрсеткен барлық 16 командаға «Мен чемпионмын» балалар спорттық ойыны қозғалысын қолдау мемлекеттік емес қайырымдылық қорының атынан үстел теннисіне арналған жақбдықтар сыйға тартылды. Ал жүлдегер атанған үш құрамаға «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 20 күн дем алуға жолдама сыйланды. Сонымен қатар жеңіске деген талпыныс пен спорттық рухы үшін Айыртау ауданынының «Виктория» командасына «Спортландия» дүкенінен спорттық аяқ киімдер алуға 100 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Ал төрт күн бойы түсірілген финалдық ойындар қазақ және орыс тілдерінде 16 шығарылыммен «Мен чемпионмын» бағдарламасы болып, республикалық арналардың біреуінде көрсетіледі деп жоспарлануда.

 

 

Риат Шони.