МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері” облыстық байқауы өтті

Дулат Шурманбаев – Аққайың ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы.

-Бұл сайыста мен өз бағымды екінші рет сынап отырмын. Өткен жылы облыста үздік атанып, республикалық кезеңге қатыстым. Онда да жақсы көрсеткішке қол жеткіздім. Жалпы мұндай байқаулар біліктілікті арттырып, тәжірибе алмасу үшін өте қажет.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқауға биыл өңір бойынша 20 қызметкер қатысуға ниет білдіріпті. Олардың барлығы өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінде 3 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп, ешбір тәртіптік жаза алмаған. Бұл – сайыстың басты талабы. Сонымен қатар олар Қазақстан Республикасының бес заңын білуден сынақ тапсырған.

Жазира Қожахметова – СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы.

-Қатысушылар өз саласына қажетті негізігі ҚР-ғы бес заңнаманы” білуі тиіс.

Байқау қорытындысы бойынша топ жарып, үздік атанған мемлекеттік өрт бақылау қызметкері сәуір айының соңында өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын болады.

 

Риат Шони.