Аптадағы маңызды жаңалықтар

20 ізгі іс акциясы аясында көшеттер отырғызылды

Гүлбақша Мұсабаева- «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы.

-Ежелгі дәстүр бойынша жас ағаштар салып жатырмыз. Біздің басты ойымыз ол жас ұрпақты ұлтжанды, патриот етіп өсіру. Осы ағаштар ертең өседі, жапырақтарын береді. Біздің де өскелең ұрпақ сондай болсын. Әр отбасы осы дәстүрді Наурызда сақтаса, бақытты болады.

Қазақ, орыс, неміс, күрттер, осылардың барлығы үшін теріскей жері ортақ шаңыраққа айналды. Сондықтан жүздеген этнос өкілдері бұл аллея елімізді мекендеген түрлі ұлттардың бірлігі мен достығының нышаны болмақ дейді.

Дина Әбілмәжінова- «Қоғамдық келісім» МКМ басшысы.

-Бұл шара ұлттардың достығы мен бірлігінің кепілі болмақ. Парккекеліп дем алатын жандардың да көзайымына айналмақ.

Рашид Надиров- «Барбанг» күрттер этно-мәдени орталығының төрағасы.

-Бұл осы жерге келетін тұрғындарды қуантып жүретін болады. Халықтардың бірлігін көрсетеді. Сондықтан біз үшін маңызды.

Преснов орман шаруашылығынан әкелінген 20 жас қарағай енді осы аумаққа көрік беріп тұрмақ. Көшеттер жаңа орынға отырғызылғаннан кейін түптері тегістеліп, суарылды. Келешекте «Достық аллеясындағы» жасыл желектерді әр бірлестік өзі қадағалап отыратын болады.

Наиль Салимов- облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

-Бұл көшеттер “20 ізгі іс” акциясы аясында отырғызылып жатыр. Келешекте мұндай жұмыстар аудандарда да жалғасын табады. Бұл аллеяны әр бірлестік өзі қадағалап, күтіп отыратын болады.

Міне жас көшеттер отырғызылып болды. Бұрын бос жатқан жер енді, үлкен аллеяға айналмақ. Зайра Аяғанова осы жерде ылғи немересімен қыдырып жүреді. Қала тұрғыны қарағайлар саябаққа ерекше көрік береді дейді.

Зайра Аяғанова – қала тұрғыны.

-Күнде осы жерде қыдырамыз. Сондықтан Ассамблея өкілдерінің мұндай шараны жасап жатқандары әрине қуантарлық жағдай. Қарағайлар осы жерге ерекше көрік қана беріп қоймай, ауаны тазартады. Ағаш отырғызылып жатқанын көріп, бүгін немеремді әдейі осы жерге алып келдім.

Әрине ағашты отырғызып, күтіп-баптау – оңай шаруа емес, күш-қуат пен ерекше шыдамдылықты талап етеді. Десе де, бұл бірлесіп атқарған істің басында еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жүр. Мұндай сауапты іс, өскелең ұрпаққа үлгі болмақ.

 

 

Магжан Ахмадина.