Без категории

Ұлы Отан соғысының жәдігерлері қойылған көрме ашылды

Саида Рашева- Облыстық тарихи өлкетану мұражайының экскурсия жүргізушісі.

-Бұл көрменің мақсаты – жалпы келешек ұрпақты отанды сүюге тәрбиелеу. 00-48 Бұл көрмеде орналастырылған суреттер ескі альбомдардан , мұрағаттан сонымен қатар қала тұрғындарынан жиналған болатын.

Мынау – Курск шайқасында 6-шы ауыр артбригаданың барлаушысы қызметін атқарған Виктор Кравцовтың жеке заттары топтастырылған витрина. Онда жауынгердің майдан даласынан жазған хаты, жазба дәптері орналасқан. Мұнда одан өзге де Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің 200-ден артық заттары топтастырылған.

-Қойылған жәдігерлердің ішіндегі ерекше назар аудартатын дүние – Сталинград және Берлин түбіндегі шайқаста медицина қызметінің аға лейтенанты болған Лидия Абрамованың жеке заттары. Бұл сөреде майдангерлердің жарақатын емдеген медбикенің суреттері, медициналық құралдары мен формасы және марапаттары орналастырылған.

Көрмені тамашалаушылардың дені 70 жыл бұрынғы қан-майданда ел үшін кеудесін оққа тосқан кешегі батыр бабаларымыздың ұрпақтары.

-Әкем соғыс ардагері. Ал үш ағам майданнан оралмады. Елін азат ету үшін жанын құрбан еткен жандарды осындай көрме арқылы еске алып жатқандығына қуаныштымын. Енді соғыс болмасын!

-Мұнда немере-шөберелерімді алып келдім. Сұрапыл жылдары бала едім. Соғыс басқа түсірген ауыртпалықтар естен еш кетпейді. Бүгінгі көрме бала күнімді көз алдыма әкелді.

-Менің көңіліме жақты. Мынадай көрмеден кейін ешкімнің де ештеңенің де ұмытылмайтынына сенімім нығая түсті.

Бұдан бұлай, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының төрінен орын алған “Есімізде мәңгілік” деп аталған көрме әрдайым Петропавлдық тұрғындардың назарында болмақ.

 

 

Акбопе Танирберген.