МТРА жаңалықтары

Мүлікті заңдастыру науқаны жалғасуда

Сұңғат Қоспаев- Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

-2017 жылы ел бойынша жалпы декларациялау науқаны жүргізіледі. Егер тұрғындар қазір уақтылы шетелдегі мүліктерін заңдастырса, онда келекшекте мәселелер туындамайды. Ондай адамдар әкімшілік не қылмыстық жауапкершіліктен босатылатын болады.

Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.

Сұңғат Қоспаев- Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

-Шетелдегі мүлікті жария етуге қатысты түрлі сауалдары бар тұрғындар Петропавл қаласы, Мир көшесі 85 мекен-жайы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына келіп, кеңес ала алады. Өтініштер жұмыс күндері 32-ші кабинетте қабылданады. Өтініштер екі нұсқада қабылданады. Егер құжаттар шет тілде болса, онда оның наториалдық заңдастырылған қазақ не орыс тілінде көрсетілген аудармасы қажет. Сонымен қатар, мүлік құнының сомасы көрсетілген құжат ұсынылуы тиіс.

Сондай-ақ, ел аумағындағы мүлігін тіркеуге қатысты 225 петропавлдық өтініш беріп үлгеріпті. Солардың 88-і қанағаттандырылды.

Мағжан Ахмадина- тілші.

-Науқан басталғалы бері жарты жылдан астам уақыт өтті. Алайда солтүстікқазақстандықтар әлі де болса шараға қатысуға асығар емес. Сондықтан мамандар ерте күнді кеш қылмай, мүлікті заңдастырған жөн дейді.

 

 

Магжан Ахмадина.