Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстікқазақстандық бизнесмендер Челябілік кәсіпкерлермен кездесті

Мына жерде осы алып машиналар жинақталады. Әр кран шамамен 23 мың бөлшектен тұрады. Қазір зауытта 2 желі жұмыс істеуде.

Петр Вагин, “ЧМЗ” ААҚ бас директоры.

-Қазіргі уақытта өнімнің біраз бөлігі Қазақстанға сатылып жатыр. Әрине, валюта бағамындағы айырмашылық өз әсерін тигізді. Мысалы осы күндері айына 7-10 көлікті көрші мемлекетке жөнелтудеміз.

Зауыт ұжымы шетелдік әріптестерімен серіктестік орнатудан мүдделі. Осы орайда, қазіргі таңда ТМД елдерінің көлемінде 3 диллерлік орталығын жасақтапты. Солтүстікқазақстандықтар да бұл ірі өндіріс орнымен әріптес болудан үмітті.

Ерлан Аукенов, СҚО әкімінің орынбасары.

-Біз мұнайгаз саласына қажетті құрылғыларды жеткізген уақытта ол жерге бұрғылау қондырғылары да, көтергіштер де крандар да қажет. Қазір біздің кәсіпорындар басқа компаниялармен жұмыс істеуде. Алдағы уақытта осы алып машиналарды сіздерден алуымызға болады.

Ал мынау Челябі құбыр илемдеу зауыты. 2010 жылы мұнда ақ металлургия саласындағы жаңа цех іске қосылған. Кәсіпорын мұнтаздай тазалығымен, ашық түстерімен ғана емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздігімен де ерекшеленеді. Мұнда құйылған жалпы инвестицияның көлемі 20 млрд рубльден асып жығылады. Заманауи қондырғылар ірі диаметрлі біржікті құбырлар шығаруға мүмкіндік береді.

Евгений Гридин, Челябы құбыр илемдеу зауытының шеф-инженері.

-Қондырғылардың 90 пайызға жуығын СМС мир кәсіпорны жеткізді. Бұл металлургия және өнеркәсіп саласындағы алдыңғы қатарлы компания саналады. Ал өз өнімімізге келсек оны негізінен Ресей нарығына, оның ішінде Газпром, Транснефть және лукойл сияқты компанияларға шығарамыз. Одан бөлек, Бозой-Шымкент магистраліне қажетті өнімді жеткіземіз. Алда Қытайға бағдарланған ірі жоба “Сила сибири” газ құбырын тартуға өз үлесімізді қоспақпыз.

Әр құбыр міндетті түрде арнайы тексерістен өтеді. Сондықтан, өнімге 50 жылдық кепілдік беріледі. Мұндағы өндіріс бір сәтке де тоқтамастан, үздіксіз жалғасады. Сөйтіп, жылына 600 мың тоннаға тарта өнім дайындалады. Мәңгі тоң жерлер, сейсмикалық қауіпті аймақтар мен теңіздердің түбі – бұл құбырлар қандай болмасын жағдайларға төзімді келеді. Осы орайда, ресейлік әріптестерімізден үйренер дүние көп дейді солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер.

Николай Потапов, «Корпорация Нукер» ЖШС директорының өндіріс бойынша орынбасары.

-Техникалық бақылауға деген қатаң талаптар, шығарылатын өнім сапасына деген жоғары сұраныс – бұның барлық өнімге 100 пайыздық кепілдік береді. Өндірістен алған әсеріміз орасан. Әрние бұндай өнімге сұраныс та жоғары болады.

Құбырларды бір-біріне жалғауға арналған мына құрылғыларды Челябі өңірінің тағы бір зауыты дайындап шығарады. Олар құбырларды біріктіруде дәнекерлеу құрылғыларын қолданбауға мүмкіндік береді. Мұнда барлық бөлшектер тапсырыс бойынша дайындалады. Зауыттағы өндіріс толығымен автоматтандырылған. Қуаттылық жылына шамамен 10 мың тонна өнімді құрайды.

Осындай кәсіпорындарды аралаған соң солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Ресейлік әріптестерімен келіссөздер жүргізді. Әр тараптың өкілдері түрлі салада күш біріктіріп, нәтижелі еңбек етуге мүдделі.

Татьяна Кузнецова, Челябі облысының экономикалық даму министрі.

-Бүгін біз бірқатар ортақ қызығушылықтарымыздың бар екендігіне көзімізді жеткіздік. Біз қазақстандық кәсіпкерлерге қажетті жағдайлар жасауға әзірміз. Әсіресе, көршілеріміз шағын және орта нысандар инвестициялық көлемі шағын кәсіпорындарға қызығушылық танытуда. бұл бағытта жұмыс істеуге дайынбыз.

Солтүстікқазақстандық делегация Челябі өңіріне алғаш рет ат басын бұрып отыр. Басты мақсат – көрші елдің іргелі облысымен әрістестікке бастама салу.

Ерлан Әукенов, СҚО әкімінің орынбасары.

-Өткен жылы қыркүйектің 30-ында Атырау қаласында өткен өңіраралық форум барысында Солтүстік Қазақстан және Челябі өңірінің басшылары әріптестік жөніндегі келісімдерге қол қойған болатын. Осы орайда біз машинажасау саласына, түсті металлургияға басымдық берудеміз. Бұл бағытта сіздерден үйренеріміз молынан.

Оңтүстікорал сауда-өнеркәсіптік палатасында өткен кездесуге Челябіден 35 шақты кәсіпкер келген. Солтүстік Қазақстан өңіріндегі өндіріс орындарымен әріптестік орнтауға ниеттілер аз емес.

Владислав Уткин, «Софтсервис» фирмасының бас директоры.

-Қазір Қазақстандық кәсіпкерлермен жұмыс істеудеміз. Киров атындағы зауытпен бір жобаны жүзеге асырмақшымыз.

Вячеслав Сорокин, «Светорика» ҚБ жарықдиодты жарықтандыру жобасының жетекшісі.

-Біз жекелей сауда, көтерме сауда мен диллерлік желі бойынша жұмыс істеуге дайынбаз. Барлық бағыттар бойынша әріптестік орнатуды қарастырудамыз.

Іскерлік келіссөздер жүргізіліп, әр тарап өз ниеттерін білдіріп, ақпарат алмасты. Енді көрші елдің өкілдері көп ұзамай бұл кездесу өз нәтижесін береді деген ойда.

 

Гульмира Шохтыбаева.