Спорт

ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтында “Институт барысы” сайысы өтті

Жұмабек Ахметов – ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының бастығы.

-Бүгін институт қабырғасында қазақша күрестен жарыс өтуде. Аталған дода Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орайластырып ұйымдастырылуда.

Сайысқа қатысушылардың арасында былтырғы жылы ұйымдастырылған “Институт барысында” жауырынын жер иіскетпей, жеңімпаз атанған Манас Әбуовта бар. Жас палуан бүгінгі белдесулерін сәтті бастады. Алғашқы қарсыласын уақытты көпке созбай жамбасқа лақтырып басым түссе, келесісін көкке көтеріп, майыса лақтырып таза жеңіске қол жеткізді. Жалпы бұл жарыстан тек қана жеңісті күтемін дейді қазіргі институт барысы.

Манас Әбуов – жарысқа қатысушы.

-Институт барысы” жарысына екінші рет қатысып тұрмын. Жалпы, көп уақыт бойы дайындалдым. Жеңіске жетемін деген ойдамын.

Сайыстың қорытындысы бойынша 16 палуанның арасынан тағы да Манас Әбуовтың жұлдызы жанды. Осылайша, спортшы “Институт барысы” атанды. Жеңімпаз кубокпен марапатталып, институт бастығы Жұмабек Ахметовтың атынан шапан жамылды.

 

 

Риат Шони.