Өнеркәсіп

“Казмясопродукт” ЖШС-гі өткен жылы миллиардттан астам сомаға өнім өндірген

Сауда үйлерінде аталған кәсіпорыннығ ең танымал және де жаңа деликатестері сатылымға қойылған. Ал, тамақ талғайтындар үшін, олар жыл сайын өнімнің түрін 10 пайызға жаңартып отырады. Мәселен, биыл тұшпара, шикідей сүрленген шұжықтармен, маринадтар өндіруді меңгерген. Алтынай Сәлімбекова осы кәсіпорынның өнімдерін әрдайым сатып алады. Оны шұжықтардың түр түрімен қатар, жақсы сапасы да қызықтырады.

Алтынай Сәлімбекова.

-Етті осы жерден сатып алуға тырысамыз. Себебі таңдау үлкен. Сонымен қатар, сапасы мен бағасы да біз үшін өте тиімді.

Шикізат жеткізушілер, жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен “Казмясопродукт” арасында әріптестік әуелден бар.

Тұтынушылардың дастарқанына түспес бұрын, ет бірнеше өңдеу әдістерінен өтеді. Мына тұтас еттер жаңа ғана сойылған, қазіргі уақытта өлшеніп жатыр. Сосын цехқа жөнелтіледі.

Татьяна Куликова, “Казмясопродукт” ЖШС бас технологі.

-Суытылған ет сүйектен сылып алынады. Сорты бойынша таңдалған ет туралып, тұздалады.

Ол үшін мынадай құрылғы қолданылады екен. Соның арқасында тұздау уақыты 2 тәуліктен 10-15 минутқа дейін қысқарған. Ал, фарш, міне, осылай дайындалады. Ет ұсақталып туралады. Куттерде ол майда болып шығады. Мұнда барлығы автоматтандырылған. Сондықтан, мамандар тек машинаға қажетті бағдарламаны нұсқап, оның атқарылуын бақылайды.

Владимир Клепов, “Казмясопродукт” ЖШС бас инженері.

-Бұл кезеңді сапалы жасау үшін, біздің кәсіпорын жаңа қондырғы орнатты. Негізінде, батыс-еуропалық камералар сатып алынды. Олар бұл үдерісті барлық талаптарға сай жүргізуге мүмкіндік береді.

Мына жерде тек 4 камера ғана. Деликатестер мен шұжықтар қызара бөртіп, хош иісі аңқып әзірленіп жатыр. Бір ауысым ішінде 4-6 тоннаға жуық дайын өнім өндіріледі. Тұтынушылардың жүрегіне жол табу үшін кәсіпорын үнемі жетілу үстінде дейді серіктестік директоры.

Аркадий Вознюк – “Казмясопродукт” ЖШС директоры.

-Біз көбіне жергілікті тұтынушыларға бейімделеміз. Нарықта абырой мен беделге ие болу оңай шаруа емес. Бірақ, біз бұл биіктерді бағындырып келеміз.

Халықаралық және отандық көрмелер мен байқауларда кәсіпорынға берілген дипломдар мен кубоктар оған дәлел. Әсіресе серіктестік үшін мақтан тұтарлығы “Өндіріс көшбасшысы 2014” атағы. 10 жыл ішінде компания жергілікті және әлемдік өндірушілермен мықты бәсекеде тұр. Олар, болашақта кәсіпорынды одан әрі гүлдендіруді мақсат етіп қойған.

 

 

Сагыныш Маркашева.