МТРА жаңалықтары

Қазақстан мен Ресей әріптестік аясын кеңейтпекші

 

Ол осында өндірілетін әр өнім түріне қысқа әрі нұсқа сипаттама берді. Мұнда металлургия, құрылыс, пайдалы қазбаларды барлауға қажетті техника түрлері құрастырылады. Соңғы үлгіде жарақталған қондырылардың арқасында тапсырыс берушінің қалауы бойынша баламасы жоқ, дәстүрлі емес саймандарды қырнап шығара алады. Ал, мына машина зауыттықтардың мақтанышы. Ол 10 мың келі жүкті көтеруге қауқарлы.

Дөңгелек үстелде Магнитогорск қаласындағы ірі кәсіпорын басшылары бас қосты. Жиында тараптар бірлесіп жұмыс істеудің пайдалы тұстарын қарастырды.

Виталий Бахметьев, Магнитогорск қаласы басшысының міндетін атқарушы, РФ.

-Осы жиынды пайдаланып екі елге де ортақ проблемаларды бірлесіп шешіп алғанымыз дұрыс болады. Біз қазір Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс істеп жатырмыз. Алда түрлі саланың бағыттары бойынша тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатамыз деген ойдамын.

Бірлескен бизнестің тиімді боларына солтүстікқазақстандықтар да сенімді.

Ерлан Әукенов, СҚО әкімінің орынбасары, ҚР.

-СҚО-сында Челябі облысы сияқты аграрлық секторға басымдық берілген. Осы тұрғыда біз бір-бірімізбен тәжірибе бөлісе аламыз. Бізде тағам өнеркәсібі дұрыс жолға қайылған. Бүгінде Қазетөнімі, Молпродукт, Молсоюз кәсіпорындары сіздің өңірлеріңізге өз өнімдерін жеткізуде.

Жиын барысында қос тарап әріптестік жайлы біраз келіссөздер жүргізді. Ресейлік бизнесмендер бұл кездесу қазақстандықтармен тиімді әріптестік қарым-қатынас орнатудың байыпты қадамы деп есептейді.

Игорь Маковчук, Магнитогорск цемент зауытының бөлім басшысы, РФ.

-Бұл кездесудің нәтижелі болары сөзсіз. Өйткені, бұл жерге түрлі саланың білікті мамандары жиналған. Қазір Магнитагорск қаласына жергілікті өнімді өткізетін тұрақты нарық қажет. Тауарымыз Қазақстанда кең сұранысқа ие болады деген сенім бар. Біздің делегация жақында Алматы, Қостанай қалаларында іс-сапармен болып қайтты. Біз тауарымызды Қазақстанда ілгерілету үшін делдалдраға тендер жарияладық.

Құдайы көршілеріміз Магнитогорск қаласын басқаша Ресейдің металлургиялық астанасы деп атайды екен. Себебі, әлемде ең ірі қара кен байыту кәсіпорыны тап осы қала аумағында орналасқан. Зауыт цехтары 400 Га-ды, яғни қаланың үштен бір бөлігін алып жатыр. Комбинатта шикізат дайын металл бұйымына айналғанға дейін толық циклден өтеді. Кәсіпорындағылар жылына 11,5 тоннаға жуық металл мен сонша болат құймасын шығарады. Осы жерде теріскейлік кәсіпкерлер цехтарда қызған жұмысты көріп, аталған өнім түрін тасымалдау үшін келісім-шартқа отыруға ниетті екендіктерін жеткізді.

Әміржан Шакей, “Пенобетон-монолитстрой” ЖШС директоры , ҚР.

-Кездесуден жақсы әсер алдым. Бізде болат тапшы. Бағасы мен сапасы көңілімізден шықса, онда әріптестіктік аясын кеңейтеміз деген үміттемін.

 

Берик Касен.