Қылмыс

Петропавлда қанды оқиға орын алды

Сән Жұмағазина- СҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бас маманы.

-Қазір Петропавл қалалық ІІБ полицейлері 29 жасар Петропавл қаласы тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бүгіндері аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1993 жылғы қала тұрғыны ұсталды. Сараптама жұмыстары жүргізілуде.

Қыздың денесі қала сыртында табылыпты. Ал нәзік жанды тізгіндеген «Daewoo Matiz» автокөлігі кейін шахардағы көшелердің бірінен анықталған. Айта кеткен жөн, құрықталған күдікті такси клиенті болған. Сол түні орын алған оқиға барысын қазір тәртіп сақшылары анықтау үстінде. Егер 21 жасар азаматтың қылмысқа қатыстығы расталса, онда ол өмірінің 20 жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін.

 

 

Магжан Ахмадина.